Облыстық семинар-практикум

     2018 жылдың 22 маусымында Бурабай ауданында Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілді оқыту барысында жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдері» тақырыбы бойынша облыстық семинар-практикум өтті. Семинардың жұмысына Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығының директоры Қ.Б.Төлекеев және Ақмола облысындағы барлық аудандық тілдерді оқыту орталықтарының мамандары қатысты.

     Семинар практикум барысында Бурабай ауданының Тілдерді оқыту орталығының жұмысы туралы есеп, ересектерге мемлекеттік тілді оқыту ісін жетілдіруге қатысты баяндама тыңдалып, тәжірибелік сабақтар өткізілді. Барлық іс-шаралардың мақсаттары мен міндеттері орындалып, жоғары деңгейде өтті. Семинарға қатысушылар тәжірибесімен бөліскен Орталық ұжымының жұмысына өте жоғары баға беріп, ризашылықтарын білдірді.

7

ш

с

29.06.2018
Қараулар: 316