Өтiнiш «Халық үнiне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының құралы ретiнде

Ел Президентi Қ.К. Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегi Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей «сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуiнiң негiзi…, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттiк органдар қызметiнiң негiзгi басымдықтары болып саналады….»

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтiнiш, шағым, сұрау, үндеу, ұсыныс, мемлекетке жүгiну нысаны және онымен диалогтың басталуы болып табылады.

Егер жеке немесе заңды тұлға өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын iске асыруға жәрдем көрсетудi сұраса, не ол заңның бұзылуына куә болса, не оның өтiнiшiн қарайтын мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмысына наразылығы мен сыны болса, ол сол немесе өзге мемлекеттiк органға не осы органның басшысына «Арызбен» жүгiне алады.

Мемлекеттiк органның не мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйымның лауазымды адамы жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерiн, құқықтары мен бостандықтарын бұзған жағдайда, ол бұзылған мүдделердi, құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтiру үшiн жоғары тұрған лауазымды адамға немесе ведомствоға «Шағым» жасауға құқылы.

Жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызықтыратын мәселелер бойынша ақпарат алу қажет болған жағдайда жеке және заңды тұлғалар тиiстi мемлекеттiк органға «Саула» жүгiнуге құқылы.

Егер адам мемлекет жүргiзiп отырған iшкi және сыртқы саясатқа, сондай-ақ қоғамдық сипаттағы оқиғалар мен құбылыстарға өзiнiң көзқарасын бiлдiргiсi келсе, ол мүдделi мемлекеттiк органға олардың атына «Үн қосу» арқылы жүгiне алады.

Заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру, мемлекеттiк органдардың қызметi, қоғамдық қатынастарды дамыту, мемлекет пен қоғам қызметiнiң әлеуметтiк-экономикалық және өзге де салаларын жақсарту жөнiндегi ұсынымдар болған кезде жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк органдарға «Ұсыныспен» жүгiне алады.

Мемлекеттiк органдарға жазбаша, ауызша (телефон арқылы немесе жеке қабылдауда), электрондық үкiмет порталы арқылы (www.egov.kz), не бейнеөтiнiш (бейнеконференцбайланыс) құралдары бойынша жүгiнуге болады.

Өтiнiште жүгiнген адамның деректерi (жеке тұлға — аты — жөнi, ЖСН, керi почталық мекен-жайы, қалауы бойынша байланыс телефоны, заңды тұлға-оның атауы, БСН, керi почталық мекен-жайы) көрсетiлуге және жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкiлi қол қоюға тиiс.

Сондай-ақ, өтiнiште оның авторының дәлелдерi болуы тиiс (не талап етедi, қандай құқықтарды iске асырғысы келедi не немен келiспейдi, қандай органның немесе лауазымды адамның әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалады және т.б.).

Мемлекеттiк органның өтiнiштi қарауы күнтiзбелiк он бес күннен аспауға тиiс, ал егер ол бойынша тексеру жүргiзу немесе тиiстi ақпарат алу қажет болса, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.

Бұл ретте өтiнiштi қарау мерзiмi оның мемлекеттiк органға келiп түскен күнiнен бастап есептеледi.

Өтiнiште баяндалған мән-жайларға қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған ерекше жағдайларда оны қарау мерзiмi, ол туралы өтiнiш авторын мiндеттi түрде хабардар ете отырып, оны күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасының кейбiр заңдарында өтiнiштердi қараудың өзге де мерзiмдерi белгiленетiнiне назар аударған жөн.

Мысалы, Қазақстан Республикасының Жер Кодексiнiң 43-бабының 3-бөлiгiне сәйкес жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiштi қараудың жалпы мерзiмi ол келiп түскен сәттен бастап он бес жұмыс күнiне дейiн құрайды.

Адвокаттық сауал «Адвокаттық қызмет және заң көмегi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес он жұмыс күнi iшiнде қаралады.

Құрметтi азаматтар, егер Сiз мемлекеттiк органның Сiздiң өтiнiшiңiздi қабылдаудан және тiркеуден бас тартуына немесе оны қарау мерзiмдерi бұзылуына тап болсаңыз, Сiз Ақмола облысы бойынша Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi Комитетiнiң Басқармасына 8-7162-76-19-62, 8-7162-76-19-10 телефондары бойынша хабарласа аласыз.

Ақмола облысы бойынша
ҚР БП Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөнiндегi Комитетi
басқармасының аға прокуроры
С.Т. Жұмақаев

08.09.2020Қараулар: 141

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-0-17.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қыркүйек, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930    
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

  

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77