Журналистер арасында Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығына арналған байқау жарияланды

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттiгi мен Қытай Халық Республикасының Елшiлiгi «Бiр белдеу, бiр жол» бастамасы жəне «Нұрлы жол» бағдарламасы. Өзара тиiмдi өсiм мен өркендеу траекториясы» тақырыбында байқау жариялайды. Конкурс «Бiр белдеу, бiр жол» бастамасының 5 жылдығына арналған.

Конкурстың мақсаты — Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан əрi кеңейту.

Конкурсқа бұдан бұрын жарияланбаған Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың тарихы мен стратегиялық басымдықтарына, XXI ғасырдағы Ұлы Жiбек жолының жаңғыруына, қазiргi əлемдегi Қазақстан мен Қытайдың гуманитарлық миссиясына арналған сараптамалық материалдар қабылданады. Конкурсқа Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады.

Үздiк материалдарды қабылдау жəне жариялау жұмыстары 2018 жылдың 23 мамырынан 31 шiлдесiне дейiн «ҚазАқпарат» ХАА сайтында жүргiзiледi.

1-10 тамыз аралығында конкурстың нəтижелерi жарияланады. Кейiн жеңiмпаздар анықталады. Түрлi номинациялар бойынша 19 жеңiмпаз марапатталады.

Конкурсқа түрлi жанрлардағы көлемi 10 мың белгiден аспайтын материалдар қабылданады. Конкурсқа ұсынылатын материалдар рецензияланбайды жəне қайтарылмайды. Қазақ жəне орыс тiлдерiндегi материалдар мына мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Астана қаласы, Мəңгiлiк ел даңғылы, 8, «Алтын орда» БО, «ҚазАқпарат» ХАА редакциясы («конкурсқа» деген ескертпемен) немесе inform2018konkurs@gmail.com электрондық поштасы.

Қосымша ақпараттарды мына телефондарға хабарласып, бiле аласыздар 8 (717 2) 95 40 68, 95 40 45.

11.07.2018
Қараулар: 256