Отандық дизайнерлер арасында «ALTYN OIMAQ» байқауы жарияланды

Байқаудың таныстырылымы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары, «Атамекен» ҚР ҰКП Iскер әйелдер кеңесiнiң төрайымы Ләззат РАМАЗАНОВА, Маңғыстау облысы Өңiрлiк кәсiпкерлер палатасы Iскер әйелдер кеңесiнiң мүшесi, «Әйелдер кәсiпкерлiгiн қолдау қоры» қоғамдық қорының директоры Адиля Түгелдiң және «Маңғыстау облысы киiм дизайнерлер Одағы» Қауымдастығының тең құрылтайшысы Диана Ботаеваның қатысуымен Орталық коммуникациялар қызметiнде өттi.

«ALTYN OIMAQ» байқауының мақсаты — ұлттық брендтегi киiм-кешектер мен әшекейлердi қалыптастыру және оларды кеңiнен таныту, жаңа есiмдер мен брендтердi таныстыру және қолдау, сонымен қатар қазақстандық жеңiл өнеркәсiптi дамыту және сұранысты ынталандыру. Байқау Әйелдер кәсiпкерлiгiн қолдау қорымен ұйымдастырылып отыр.

Байқаудың мiндетi — жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру мақсатында киiм өндiрушiлерi мен дизайнерлерi арасында кәсiби диалог алаңын құру

«ALTYN OIMAQ» байқауына Қазақстанның кез-келген азаматы төмендегi номинацияларға қатысуы арқылы өз шығармашылық жұмыстарын ұсына алады:

1). «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерiлген iскерлiк киiмнiң үздiк дизайны»;

2). «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерiлген спорт киiмнiң үздiк дизайны»,

3). «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерiлген балалар киiмiнiң үздiк дизайны»,

4). «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерiлген үйге арналған текстильдiң үздiк дизайны»,

5). «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерiлген ұлттық әшекейлердiң үздiк дизайны»

6). «Спорт аяқ киiмiнiң үздiк кастом-дизайны».

«ALTYN OIMAQ» байқауы бiрнеше кезеңде жүргiзiледi. Бiрiншi кезеңде өтiнiмдер қабылданып, комиссиямен байқау лауреаттары iрiктеледi. Екiншi кезеңде үмiткерлер қоғамдық онлайн-дауыс беруге қатысады. Үшiншi кезең — Бас жүлденi тапсыру, алты лауреаттың iшiнен жеңiмпаз таңдалады. «ALTYN OIMAQ» байқауының жеңiмпаздарын марапаттау 25 желтоқсанда өтедi.

Байқауға қатысу өтiнiмдерi www.fundwomen.kz сайты арқылы қабылданады.

«ALTYN OIMAQ» байқауының Бас жүлдесiне алғашқы үмiткерлер 2019 жыл маусымда Астанада өтетiн Жеңiл өнеркәсiп форумында жарияланады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаментi: +7 (7172) 91 93 67, pr@atameken.kz 

05.03.2019
Қараулар: 293