2017 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Бурабай ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ қызметі туралы есебі

«Бурабай ауданының дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» ММ бiр мемлекеттiк қызмет көрсетедi: «Екiншi және үшiншi дәрежелi спортшы, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк дәрежелi спортшы және бiлiктiлiк санаттарының: бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер-спортшы, спорт төрешiсi спорттық дәрежелердi беру». Қызметтi тұтынушылар жеке тұлғалар болып табылады. Мемлекеттiк қызметтердiң көрсету нысаны автоматтандырылмаған.Мемлекеттiк қызмет уәкiлеттi органмен халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетiледi, балама негiзi көрсетуi жоқ.Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.Қызметалушының орталыққа жүгiну күнiнен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi — күнтiзбелiк отыз күннен аспайды.

2017жыл iшiнде «Бурабай ауданының дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» ММ 181 бiрлiк көлемiнде азаматтарға мемлекеттiк қызмет көрсеттi. Олардың iшiнен 147 бiрлiк, Щучинск қ. МБЖСМ және 17 бiрлiк спорттық мектептердiң облыстық филиалдарының жаттықтырушыларының спорттық разрядтарды беру туралы өтiнiшi негiзiнде. 16 бiрлiк жеке өтiнiштер бойынша, оның iшiнде «спорттан төрешi» бiлiктiлiк санаты 2 өтiнiш берушiлер иелендi. Шағымдар мен бұзушылықтар болған жоқ.

Бурабай ауданы әкiмiнiң интернет-ресурсында мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн барлық қажеттi ақпарат жарияланған.Сайтта «Мемлекеттiк қызметтер» арнайы бөлiмi бөлiнген, онда берiлген мемлекеттiк қызметтi көрсету туралы бекiтiлген стандарттар мен регламентi, қажеттi құжаттар тiзiмi, мемлекеттiк қызмет көрсету мәселесi бойынша мемлекеттiк органның қызметi туралы есеп, мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн шағымдану тәртiбi туралы ақпарат, мемлекеттiк және ресми тiлдерiнде мемлекеттiк қызметтердi алу жөнiндегi нұсқама орналасқан.

Уәкiлеттi мемлекеттiк мекемеде есеп түрiнде мемлекеттiк қызметтер бойынша ай сайынғы бақылау жүзеге асырылады, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер тұтынушылардың қанағаттану критерий бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бақылау. «Бурабай ауданының дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнде мемлекеттiк қызмет көрсетуденқолданыстағы құжаттамасымен жарияланған стенд жасалған. Бөлiмнiң кабинетi Абылайхан көшесi, 34, 108 кабинетi, қалалық әкiмдiгi ғимаратында орналасқан, қоңырау түймесi мен пандуспен жабдықталған.

Ағымдағы жылдың 26 маусымда облыстық басқармамен мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша бақылау шаралары өткiзiлдi. Тексеру барысында ескертулер жойылды. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауаптылар тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылмады.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету бойынша материалдар БАҚ-да («Бурабай» газетi 11.05.2017 ж., 26.10.2017 ж. № 43 «Стабильная» газетi) жарияланды. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша 2017 жылдың27 наурызда №37-НҚ бұйрығымен бөлiмнiң бас маманы жауапты тұлға Л.Мыцык бекiтiлдi. Өзара алмасу қарастырылған. Спорттық разрядттарды, атақ, дәреженi беру бойынша бiлiктiлiк комиссияның құрамына 5 адам кiредi: комиссия төрайымы Татьяна Юрьевна Куприянова — «Бурабай ауданының дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» ММ басшысы; комиссия мүшелерi: 1. Назгүл Айтмұқанқызы Мұқатаева- «Бурабай ауданының дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» ММ бас маманы, 2. Марат Мағауяұлы Қасымов — «Бурабай ауданының бiлiм бөлiмi» ММ әдiскерi, 3. Константин Владимирович Помазай — Щучинск қ. «МБЖСМ» КММ директоры, Жамбыл Досұлы Қожабай — №9 мектеп-гимназиясының ДШ мұғалiмi; комиссия хатшысы Любовь Анатольевна Мыцык — «Бурабай ауданының дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» ММ бас маманы.

«Бурабай ауданының дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» ММ нормативтiк-құқықтық актiлердiбасшылыққа ала отырып, мемлекеттiк қызметтердi көрсетедi: «Дене шынықтыру және спорттуралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiнмемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтертiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 қаулысы, «Дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiменкөрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 шiлдедегi № 981 қаулысы, «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төрешi санаттарын берудiң ережесiн бекiту туралы» дене шынықтыру және спорт iстерi жөнiндегi Қазақстан РеспубликасыныңАгенттiгi төрағасының 2014 жылғы 29 шiлдедегi № 300 бұйрығы, «Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшiлердi аттестаттаудан өткiзу мен шарттарының ережесiн, сондай-ақ жаттықтырушыларға, әдiскерлерге, нұсқаушыларға бiлiктiлiк санаттарын беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң 2011 жылы 5 наурыздағы № 02-02-18/29 бұйрығы. «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң регламенттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлiгiнiң 2015 жылғы 17 сәуiрдегi № 139 бұйрығы (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 11276 тiркелген)

«Бурабай ауданының дене тәрбиесi
және спорт бөлiмi» ММ
басшысы                                                                                                               Т.Куприянова

Жүктеу (DOCX 23 Kb)

23.02.2018
Қараулар: 772

Коментарийлер