2017 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша «Бурабай ауданы хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ атқарылған жұмыстары туралы есебі

Қала және ауданда Бурабай ауданы АХАТ бөлiмi, « Неке қию (ерлi –зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексiнiң 177 — бабы негiзiнде азаматтық хал актiлерiн тiркеу соның iшiнде , туу, қайтыс болу, неке қию

(ерлi — зайыптылық), әке болуды анықтау, анықтау, атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгертумен бөлiм басшысы , 1 бас маман , 3 келiсiм — шарт бойынша мамандар жұмыс атқарады.

Ауылдық поселкелiк округтардың бас мамандары азаматтық хал актiлерiн тiркеумен өз орындарында айналыспайды , бiрақ неке қию туралы

өтiнiштердi қабылдап , сол күнi АХАТ бөлiмiне жолдайды және де қайтыс болу , туу және әке болуды анықтау туралы халыққа ретiмен түсiндiредi Салтанатты неке қию рәсiмiн өтiнiш берушiнiң қалауымен ауылдық округтерiнде өткiзiледi.

Селолық (поселкелiк) , ауылдық округтерiнiң бас мамандары АХАТ бөлiмiнiң жұмыстарына қатысты кез келген мәселелердi шешуге көмек бередi.

АХАТ бөлiмiнен 2017 жылы 2940 азаматтық хал актiлерi жазбалары жасалды, 2016 жылдың кезеңiне қарағанда 69 актке аз.(3009)

Осы көрсетiлген кезең iшiнде 1029 жаңа туған нәрестелер және 806 қайтыс болған адамдар саны тiркелдi. Халық санының табиғи өсуi өткен кезеңнiң iшiнде 223 адам құрады. 592 неке (зайыптылық) қиылды, оның iшiнде 37 шетел азаматтарымен. Неке қиюдың жалпы санынаң 304 немесе 51,3 % бұзылды. 2017 жылдың iшiнде ұл бала (қыз бала) асырап алу мөлшерiнiң құлдырауы байқалды, егер 2016 жылы 16 бала асырап алынса, олай болса тек Қазақстан Республикасының азаматтарымен ғана ағымдағы жылда 9 бала асырап алынды.

Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына түзетулердi, өзгертулердi және толықтыруларды енгiзу бойынша АХАТ органына өтiнiш берген азаматтардың саны — 120, сонымен қатар тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту жөнiнде — 38.

Барлығы 5296 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, ХҚКО арқылы — 4404,

ЭҮП бойынша — 318, құжат айналымы бойынша — 574, мерзiм бұзулар жоқ.

Атауы Барлығы ХҚКО ЭҮП АХАТ
Атын , тегін , әкесінің атын өзгерту туралы , сонымен қатар азаматтық хал актілері жазбаларына түзетулерді , өзгертулерді және толықтыруларды енгізу туралы 38 38 0 0
Қайтыс болуды тіркеу , сонымен қатар азаматтық хал актілері жазбаларына түзетулерді , өзгертулерді , өзгертулерді және толықтыруларды енгізу туралы 810 809 0 1
Азаматтық хал актілік жазбаларын қалпына келтіру 6 6 0 0
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама немесе қайталама куәліктер беру 1998 1996 2 0
Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу , сонымен қатар азаматтық хал актілері жазбаларына түзетулерді , өзгертулерді , өзгертулерді және толықтыруларды енгізу туралы 620 0 273 347
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу , сонымен қатар азаматтық хал актілері жазбаларына түзетулерді , өзгертулерді , өзгертулерді және толықтыруларды енгізу туралы 422 362 20 40
Тууды тіркеу , сонымен қатар азаматтық хал актілері жазбаларына түзетулерді , өзгертулерді , өзгертулерді және толықтыруларды енгізу туралы 1228 1193 23 12
Әке болуды анықтау , сонымен қатар азаматтық хал актілері жазбаларына түзетулерді , өзгертулерді , өзгертулерді және толықтыруларды енгізу туралы 165 0 0 165
Бала (қыз) асырап алуды тіркеу , сонымен қатар азаматтық хал актілері жазбаларына түзетулерді , өзгертулерді , өзгертулерді және толықтыруларды енгізу туралы 9 0 0 9
Жалпы 5296 4404 318 574

Неке қию, отбасы сұрақтарына байланысты — 15 дәрiс оқылды , 8-дөңгелек

үстел өткiзiлдi, 12 — мақала жарияланды , 5 — кеңес семинарлары өткiзiлдi. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу сұрақтары бойынша мемлекеттiк қызмет

көрсету регламентi және стандарты көрсетiлген стенд орнатылған, бөлiмнiң

жұмыс кестесi бар.

Ғимаратқа кiреберiсте оң жағында шақыру батырмасы бар, пандус орнатылмаған.

2017 жылғы мемлекеттiк қызмет көрсету сұрақтары бойынша қызметалушылардың шағымдары туралы ақпарат

Арыз мәлімдеуші туралы мәлімет Арыз мәні Орган (ұйымдастыру) арызды қарастырған (немесе) шешім қабылдаған Қарастырған мерзімі Арызды қарастырған нәтижесі бойынша құжаттың № Қабылдаған шешім Қабылдаған шешімнің қарастыру мәліметі
1 2 3 4 5 6 7
- - - - - - -

Бөлiмiнiң басшысы                                                                                   Г. Беляшова

23.02.2018
Қараулар: 628

Комментарии