«Бурабай ауданы Щучинск қаласы әкімінің аппараты » МКМ мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 2018 жылы атқарған жұмысы туралы есебі

Осы есеп беру Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңының 23 бабы 5 тармағына, мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызмет бойынша жұмысы туралы есебiн әзiрлеуi және ұсынуы Ережесiнiң 9 тармағына сәйкес және Бурабай ауданы Щучинск қаласының тұрғындарын әкiм аппаратының жұмысы туралы ақпараттандыру мақсатында жасалған. Аталған есептi орналастырудың негiзгi мiндетi барлық мүдделi тұлғаларды талқылауға шақыру, ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету.

«Бурабай ауданының Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» МКМ 11 мемлекеттiк қызмет түрiн көрсетедi. Бұл жайында толық мағлұматты Бурабай ауданының интернет желiсiнде, Бурабай ауданы Щучинск қаласының әкiмiнiң аппаратының стендтарында, алуға болады. Әкiмдiк ғимаратында мүмкiндiгi шектеулi жандарға арналған кiреберiс пандусы және шақырту батырмасы бар. Сұранысқа көп ие болатын мемлекеттiк қызметтiң түрi — «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi тлап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу» бойынша — 156 мемлекеттiк қызмет, «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгетуге шешiм беру» бойынша — 36, «Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және кейiн үйлерiне тегiн тасымалдау» бойынша — 25 мемлекеттiк қызметтер көрсетiлген. «Жер учаскесiн алуға кезекке қою» — 28 мемлекеттiк қызметтер көрсетiлген.

2018 жылы қала әкiмiнiң аппараты — 245 мемлекеттiк қызмет түрiн көрсеткен. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлуiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар туралы түсiндiру жұмыстары, тұрғындарға деген көпшiлiк тыңдалуларындағы стандарттық мемлекеттiк қызмет көрсету ақпараты Щучинск қаласында жиындар өткiзу барысында тұрғындарға жеткiзiледi және әкiмнiң тұрғындар алдында есеп беру жиналысында айтылады.

Оптимизациялау мен автоматизация процесстерi мемлекеттiк қызмет көрсету қорытындысы бойынша мемлекеттiк қызметтi алып жатқан тұлғаға жалпы қол жетiмдiлiктi атап өту жөн.

Қала әкiмдiгiнiң аппараты қызметкерлерiнiң квалификацияларын жоғарылату мақсатында әртүрлi бағыттардағы мемлекеттiк қызмет көрсету аясында оқу әдiстемелiк iс-шаралар, семинарлар- жиналыстар, Ақмола облысы әкiмдiгiнен арнайы шақырылған мамандардың қатысуымен орталық орындаушы органдардың мамандарымен де iс-шаралар өткiзедi.

Бурабай ауданы әкiмдiгiмен ай сайындық мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша сапасын есеп ретiнде бақылау жүргiзiледi. Уәкiлеттi органмен бақылау аясында заңсыз әрекеттер анықталмаған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қызмет
алушылардың шағымдары туралы
ақпарат

Шағым беруші туралы мәлімет Шағымның мәні Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) Қарау күні Шағымды қарау нәтижелері бойынша құжаттың № Шешім қабылданды Шешімді қайта қарау туралы мәлімет
1 2 3 4 5 6 7
- - - - - - -

Щучинск қаласының әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер
көрсету бойынша 2018 жылы атқарған жұмысы туралы ЕСЕБІ

1 Қызмет беруші туралы мәлімет «Бурабай ауданының Щучинск қаласы әкімінің аппараты» МКМ
2 Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Мемлекеттік қызметтердің саны 245
ХҚО арқылы 36
Қағаз түрінде 209
Мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары мен регламенттерінің саны 11
Ең жиі талап етілетін мемлекеттік қызметтер - «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді тлап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгетуге шешім беру».- «Жер учаскесін алуға кезекке қою».
Қызмет алушылармен жұмыс
3 Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу көздері мен орындары туралы мәліметтер Бурабай ауданының интернет-ресурсында, Щучинск қаласы әкімінің аппараты ғимаратындағы стендтік материалдарда
Мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат Жиындар барысында, әкімнің тұрғындармен есептік кездесулері барысында талқылау
Мемлекеттік қызмет көрсетілуінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар Жиындар барысында, әкімнің тұрғындармен есептік кездесулері барысында түсіндіру жұмыстарын жүргізу
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін жетілдіру бойынша жұмыс
4 Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оптимизациялау және автоматтандыру нәтижелері Мемлекеттік қызмет алудың қолжетімдігі
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметшілердің біліктілігін көтеруге бағытталған іс-шаралар Аппараттық оқу, семинар– жиналыстар
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін нормативтік-құқықтық жетілдіру Мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері

Щучинск қаласының әкімі                                                                      Б. Махметов

19.02.2019
Қараулар: 344

Коментарийлер