Арыс қаласынан балалардын демалысы

Бурабай ауданына Арыс қаласынан бірінші топ балалар келді.

Темір жол вокзалының перронында, бұл күні әсіресе көп адамдар болатын, жылы атмосфера орнады, балалар делегациясын олардың құрдастары, аға бауырлары, облыстық және аудандық әкімдіктің өкілдері қарсы алды.

Арыс қаласынан 145 бала мен 17 еріп жүрушілері "Звездный" және "Самурық" лагерь – балалық сауықтыру орталықтарына орналастырылды. 4 жастан бастап одан жоғары балалар келді.

Бурабайда болған уақытта балаларды қызықты экскурсиялар, ат маршруттары, туристік жорықтар, балалардың шығармашылық ұжымдарының концерттері, өңірдің табиғи байлығымен және тарихи-мәдени игілігімен таныстыру күтіп тұр.

Сауықтыру лагерлерінде демалудан басқа балалар сауықтыру процедураларын алады, психологиялық көмек көрсету бойынша жұмыс жоспарланды.

12 шілдеде балалардың екінші тобын қабылдау жоспарланып отыр, тағы 100 адам тамыз айында үшінші топтың келуі күтілуде.

01.07.2019
Қараулар: 155