45 пәтерлі тұрғын үйдің ашылуы

Астана күнiн мерекелеу құрметiне аудан әкiмi Қанат Қарауылов Ботаническая көшесi, 8д мекен-жайында орналасқан 45 пәтерлi тұрғын үйде кезекте тұрғандар қатарынан халықтың әлеуметтiк осал топтарына пәтер кiлттерiн табыс еттi. Жаңа үй "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған. 45-пәтерлi тұрғын үйде 1 бөлмелi — 15; 2 бөлмелi — 18; 3бөлмелi — 12 бар. Халықтың қауқары аз топтарының кедергiсiз қол жеткiзуiн қамтамасыз ету үшiн үйде нормаланатын еңiстiгi бар пандустар көзделген.

Пәтер 9 көп балалы отбасына бөлiнген, оның iшiнде: Батыр Ана-2, Алтын Алқа — 1, Күмiс Алқа — 3, көп балалы отбасы — 3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетiм балалар — 9 адам. Халықтың әлеуметтiк осал топтары санаты бойынша — 27 азамат (зейнеткерлер, интернационалист жауынгерлер, Чернобыль АЭС апатының қатысушылары, толық емес отбасылар, мүгедектер және мүмкiндiгi шектеулi адамдар).

06.07.2019
Қараулар: 323