Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Бурабай ауданы әкімінің құттықтауы

Құрметтi бурабайлықтар!

Сiздердi елiмiздiң басты байлығы, бiз бен сiздiң бейбiт заманда, нұрлы таңда өмiр сүрiп жатқан айрықша кезеңi тәуелсiздiк күнiмен құттықтаймын.

Егемендi елiмiздiң әрбiр қадамы бiздi жетiстiкке, отансүйгiштiкке тәрбиелеп, өсiп келе жатқан жас өскелең ұрпақты елiмiздiң тұрақты өмiр сүруiне кепiл бола алады. Аз жылдық тарихы бар Тәуелсiз Қазақстан бiр бағытты бетке алып, демократиялық тұрғыдан экономикасын халықаралық деңгейде өзiндiк бағытпен беделiн көтерiп алды.

Ұлан-байтақ отанымыздың аз жылдық деңгейде көтерiлiп, тұрақтылық пен алға нық қадам басуы, сонымен қатар ұлт пен ұлыстың бiр байрақтың астында бейбiт өмiр сүрiп, еңбек етiп, басты құндылығымыз тәуелсiздiгiмiздi берiк сақтауы жетiстiгiмiз деп бiлемiз.

Бұл мереке ерекше мереке, айтулы мерекемiзде күш-жiгерiмiз тасып, болашаққа деген сенiмiмiз нығайып, нұрлы таңда ғұмыр кешiп, жасай берейiк. Бүгiнгi күнде атқарып жатқан барлық игiлiктi iстер, ертеңгi жарқын болашақтың қамы.

Құрметтi жерлестер! Барлықтарыңызды Тәуелсiздiк күнiмен шын жүректен құттықтаймын, барлықтарыңызға отбасылық табыс, бақыт, берекелi ғұмыр тiлеймiн. Бiздiң ортақ отанымызда тұрақтылық сақталып, әлемде, елiмiзде бейбiтшiлiк бола берсiн!

Әсет Мұздыбаев,
Бурабай ауданының әкiмi

Тәуелсiз елдi қырағылықпен күзетемiз

Аз жылда тәуелсiз елiмiздiң еңсесi көтерiлiп, биiк белестердi бағындырып, шын биiктерден көрiнiп келе жатырмыз. Егемендi елiмiздiң ертеңi жарқын. Әлi де талай шыңдарды бағындырып, мыңжылдық асулардан көрiнiп, бейбiтшiлiктi берiк сақтап, көркейiп гүлденiп, ел iргесiн тыныштықпен күзетiп, берiк ұстауға тырысамыз. Тәуелсiздiк — басты байлығымыз. Тәуелсiздiк арқылы өсiп-өркендеймiз.

Алда келе жатқан тәуелсiздiк мерекесiне орай Бурабай аудандық кiтапханасында мерекелiк шара аясында жиын өткiзiп, бүгiнгi нұрлы таңның шуақты күндерi жайлы өз ойымызбен бөлiстiк.

Әсет Кәкенов,
Бурабай ауданының МКҚБ полиция аға сержанты

16.12.2019Қараулар: 379

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-0-17.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
тамыз, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31      
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

  

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77