Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаевтың білім күніне арналған құттықтауы

Құрметтi бiлiм саласының қызметкерлерi!
Оқушылар және студенттер мен ата-аналар!

Шын жүректен шыққан ыстық ықылас, риясыз пейiлменен сiздердi елiмiздегi ерекше мерекемiз бiлiм күнiмен құттықтаймын.

Бұл мереке барлықтарыңыздың жандарыңызға жақын. Бұл күнi барлығымыздың есiмiзде сақталып қалатын жаңа күн мен жаңа өмiр жолы басталады. I қыркүйек бiлiм күнi адамды биiк белестерге ұмтылдырып, алға жетелейтiн бiр саты өсiретiн айрықша шаттығымен қуантып келедi. Өмiр көшiмен өтiп кеткен кемеңгер, дана бабаларымыздың көкiрегiнен шыққан көркем ойдың бiрi «оқы оқы және оқы» деген. Бүгiнгi таңда бiлiм саласына ерекше назар аударылып мемлекет тарапынан жақсы жағдай жасалып, көп көңiл бөлiнiп, педагогика саласының қанат жайып жетiлуiне, жас ұрпақты тәрбиелеу жолында аянбай еңбек ететiн ұстаздық мамандыққа барынша қолдан келген көмегiн аянып жатқан жоқ. Бiздiң ауданымызда заманауи талап пен бiлiм берудiң жаңа технологиясын тереңiнен меңгерiп жылдан-жылға бiлiм сапасы биiк дәрежеден көрiнiп көш бастап тұр. Ауданымыздағы барлық оқу базалары заманға сай болып, бiлiм бағбандарының саны да артып келедi.

Құрметтi жерлестер! Жаңа оқу жылында ұстаздар қауымы жаңа белестердi бағындырып, шығармашылықтарыңыз шыңдалып бүгiнгi уақыт талабы мен жас ұрпақты тәрбелеу жолында аянбай еңбек етiп, елiмiздiң ертеңiне нық сенiммен қарайтын, кем жерiне кiрпiш болып қалайтын ұрпақ өсiрiп тәрбиелейдi деген зор сенiмдемiз. Сонымен қатар жаңа оқу жылында студенттер мен оқушылар жетiстiктiкке жетiп, талаптанып шың белестердi бағындырып елiмiздi мақтанышына айналып ата-аналарын қуантып, елiмiздiң өсуiне ат салысады деген ойдамыз.

Отбасыларыңызға амандық, дендерiңiзге саулық , шығармашылық табыс тiлеймiн. Бiлiм күнi құтты болсын!

Мерекелерiңiзбен!..

Ә. Мұздыбаев                                                                                Бурабай ауданының әкiмi

01.09.2019
Қараулар: 108