Бурабай ауданы әкiмiнiң Отан қорғаушылар күнiне арналған мерекелi құттықтауы

Құрметтi бурабайлықтар!

Қадiрлi Отан қорғаушылар!

Сiздердi айрықша мерекелерiңiз Отан қорғаушылар күнiмен шын жүректен құттықтаймын!

Бiздiң мемлекетiмiз өзiнiң ұлан-байтақ Отанын қорғап, iшкi тұрақтылықты сақтап, қауiпсiздiгiмен қатар бейбiтшiлiктi нығайтып, қарулы күштерiн уақыт талабына сай жетiлдiрiп, халықаралық тәжiрибеге сүйенiп, алыс-жақын мемлекеттермен әрiптестiк тәжiрибе алмасып жатыр. Бiз өзiмiздiң аудандағы жоғарғы кәсiптiк бiлiм беретiн Ш. Уәлиханов атындағы Кадет корпусымен мақтана аламыз. Себебi бұл жерде отқа да, суға да төзiмдi, қандай қиыншылық болса да төтеп бере алатын болашақ кәсiптiк бiлiмi жоғары кадеттердi дайындайды. Бұл жерден бiлiм алғандар тәуелсiздiгiмiздi қырағылықпен қорғап, көзiнiң қарашығындай сақтап, жаңа технологияны меңгерiп, нағыз кәсiби маман болып шығады. Бүгiнгi күнi бұл оқу орны өсiп келе жатқан жастарға үлгi-өнеге ретiнде қалыпты жағдайын сақтап, кең-байтақ Отанымыздың әр өңiрiне танымал болып қалыптасуда.

Мен өз жерлестерiмiздiң яғни Отан қорғаушыларымыз қай жерде әскери борышын өтесе де, өздерiнiң бойларындағы күш-қайраты Отанына деген сүйiспеншiлiгi арқылы, Қазақстан Республикасын қырағылықпен қорғайды деген нық сенiмдемiн.

Сiздердi ерекше мерекемiз Отан қорғаушылар күнiмен құттықтай отырып, елiмiзге амандық, денiмiзге саулық және ашық аспан астындағы бейбiт ғұмырымыз ұзақ болсын деген шын жүректен шыққан ықылас-лебiзiммен бөлiскiм келедi.

Әсет Мұздыбаев,
Бурабай ауданының әкiмi

07.05.2020Қараулар: 380

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-0-17.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қыркүйек, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930    
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

  

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77