Бурабай ауданы әкімінің Ұлы Жеңістің-75 жылдығына арналған құттықтауы

Құрметтi Ұлы Отан соғысының ардагерлерi!

Қадiрлi тыл ардагерлерi!

Сiздердi Ұлы Жеңiстiң 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

9 мамыр бұл күн мәңгiлiк санамызда ерекше тарихи күн болып қалыптасып қалады. Уақыт өте келе II дүниежүзiлiк соғыс болып тарихқа енген бұл соғыстың қайғы менен қасiретi батыр аталарымыздың ерлiгi ұрпақ жадында сақталып қалуы тиiс. Себебi олардың бойларындағы батылдық пен батырлықтың арқасында Отанымызды қиямет алакөз жаудан сақтап қалдық. Әрине бұл күндердi бiз ұмытпаймыз, себебi соғыс кезеңiнде бiздiң өңiрiмiзден мыңдаған адамдар алапат соғыстың алдын-алуға аттанды. Осы жылдарға көз жүгiртер болсақ, майдан даласына 12 000 адам аттанса, елге оралғаны 5650. Отан үшiн отқа түсiп, елге оралманғандарды ұрпақтары ешқашан ұмытпайды.

Тәуелсiздiгiн алған мемлекетiмiз қолдан келген көмектi Ұлы Отан соғысына қатысушыларға аянып жатқан жоқ. Олардың ұрпақтары жайлы өмiр сүрiп, болашаққа деген сенiмдерiне селкеу түспесiн деп бар жағдайды ардагер аталарымызға жасап берiп жатыр. Бүгiнгi күнi Бурабай ауданы бойынша Ұлы Отан соғысының алты ардагерi бар. Тылда еңбек етiп, сол уақыттың қиыншылығын көргендердiң саны 516. Бұл кiсiлер елiмiздiң өркендеуiне күш салысты. Ауылдық жердiң гүлденуiне, тың және тыңайған жердi игеруге, ауыл және қаланың өмiрiн жақсартуға аянбай еңбек сiңiрдi. Ұлы Отан соғысы ардагерiнiң ерлiгi мен тылда еңбек еткендердiң ерлiгi бiр арнада тоғысады. Сондықтан құрыш кеуделi қарттарымыздың алдында барлығымыз қарыздармыз. Олардың жасаған ерлiгi қашанда ұрпақтан-ұрпаққа сабақтаса бередi.

Құрметтi жерлестер! Бұл айрықша да, ерекше мереке. Отан қорғау жолында от пен оқтың ортасынан аман шыққан ардагерлердi ұмытпай, қашанда басымызды иiп, ерлiкке тағзым етiп отыру керек. Сонда ғана әлем нұрланады. Барлықтарыңыздың отбастарыңызға амандық, темiрдей мықты денсаулық, әлемге бейбiтшiлiк тiлеймiн!

Ұлы Жеңiс мерекесi құтты болсын!

Әсет Мұздыбаев
Бурабай ауданының әкiмi

09.05.2020Қараулар: 96

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-0-17.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
мамыр, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77