Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң төрағасы Алик ШПЕКБАЕВ Facebook-тегi парақшасында Қазақстан Президентi Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларының үшiншi топтамасының маңызды бастамалары туралы айтып бердi.

Достар, өздерiңiзге белгiлi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту — Мемлекет басшысы саясатының басты бағыттарының бiрi.

Президент былтыр 20 мамырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың алғашқы пакетiн жариялады.

Онда қол астындағылардың сыбайлас жемқорлығы үшiн басшыларды лауазымынан босату мен тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту институттарын енгiзу, нормативтiк-құқықтық актiлер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын қалпына келтiру, азаматтарды жемқорлық фактiлерi туралы хабарлағаны үшiн ынталандырудың сараланған жүйесiне көшу тапсырылды. Жаңа бастамалардың барлығы нақты заңдарда көрiнiс тапты және өздерiн тиiмдi алдын-алу құралдары ретiнде көрсеттi.

Антикордың басқа бастамалары да тұжырымдамалық қолдауға ие болды. Бұл — квазимемлекеттiк және жеке секторларда комплаенс-қызметтер құру; ұлттық компаниялардың сатып алу және жобалық қаржыландыруға жауапты қызметкерлерi есебiнен сыбайлас жемқорлық субъектiлерiн кеңейту; мемлекеттiк қызметшiлерге сыйлық беруге және сыйлықтар алуға толық тыйым салу; күштiк құрылымдар қызметкерлерiнiң қылмыстық арандатушылық әрекеттерi үшiн қылмыстық жауапкершiлiктi белгiлеу; квазимемлекеттiк сектор басшыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл шараларын қолданбағаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту. Бұл жаңашылдықтардың қазiр Сенатта қаралуы — бастамалардың жақын арада iске асырылатындығын көрсетсе керек.

Қоғам мемлекеттiк аппарат осымен ғана шектеледi деп ойлауы мүмкiн. Алайда «Халық үнiне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын дәйектi iске асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жандандырды. Коронавирус пандемиясы iс жүзiнде мемлекеттiк басқарудың әртүрлi салаларындағы, атап айтқанда денсаулық сақтау саласынан бастап цифрландыруға дейiн созылмалы сыбайлас жемқорлық «iндеттерiнiң» бетiн ашты. Сондықтан Мемлекет басшысы биыл 19 тамызда Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын одан әрi жаңғырту жөнiнде арнайы кеңес өткiздi, оның негiзгi тезистерi кешегi Жолдаудың жеке блогына кiрдi.

Президенттiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларының үшiншi пакетiнiң аса маңызды бастамаларына қысқаша тоқталып өтейiн.

Бiрiншiден — сыбайлас жемқорлық үшiн жауапкершiлiктi күшейту. Ең алдымен, бұл — құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен судьяларға қатысты. Менiң ойымша, олар заңдылық пен құқықтық тәртiптi сақтай отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшiн қатаң жауапкершiлiкке тартылуы тиiс. Пара берушiлер мен делдалдар үшiн парақорлық жазасын қатаңдату мәселесi пысықталатын болады. Сотталған жемқорларға қатысты мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатудың күшiн жою ең қуатты профилактикалық әсерге ие болады. Осы тәжiрибенiң жалғасы ретiнде бiз аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшiн бiрнеше еселенген айыппұл қолдануды және жемқорларға колония-қоныстарда тағайындалған жазаны қайта қарауды жоюды жақтаймыз.

Екiншiден — 2021 жылдан бастап мемлекеттiк қызметшiлер, депутаттар мен судьялар үшiн шетелде банк шоттарын иеленуге тыйым салуды енгiзу. Бұл бастама ел мүддесi үшiн қызмет ету идеологиясы тұрғысынан ғана емес, жемқорлық капиталын шетелге шығару мүмкiндiктерiн жою мақсатында да маңызды.

Үшiншiден — менiң ойымша, «Қоғамдық бақылау туралы» Заңның қабылдануы азаматтар мен үкiметтiк емес ұйымдарды сыбайлас жемқорлық пен бюрократияға қарсы жүйелi түрде әрекет етуге барынша кең ауқымда тартуға нақты серпiн бередi. Онда сан қырлы мәселелер бойынша қоғам өкiлдерiнiң мемлекеттiк органдармен өзара әрекеттесудiң нақты тетiктерi көрiнiс табатын болады. Антикор әзiрлеген Ашық бюджеттердiң интерактивтi картасы мемлекеттiк органдардың ашықтығын қамтамасыз етудiң негiзгi құралы болу арқылы алға қадам баспақ. Бұдан басқа, мемлекеттiк органдардың жанында ғана емес, ұлттық компанияларда да жұмыс iстейтiн қоғамдық кеңестердiң рөлi едәуiр күшейетiн болады. Үздiк шетелдiк тәжiрибелер негiзiнде сыбайлас жемқорлық фактiлерi туралы ақпарат берушiлердi қорғаудың кешендi жүйесiн әзiрлеу азаматтық қоғамды жандандырудың маңызды құралы болмақ.

Президенттiң 2021 жылдың соңына дейiн мемлекеттiк қызметшiлер мен квазимемлекеттiк сектор қызметкерлерiнiң санын 25%- ға қысқартуды жеделдету шешiмiнiң стратегиялық маңыздылығын ерекше атап өткен жөн. Осылайша, лауазымдық жалақыларын екi есе ұлғайта отырып, еңбекақы төлеудiң факторлық-баллдық жүйесiне толыққанды көшу мемлекеттiк қызметтегi сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытындағы тағы бiр даусыз артықшылық болады.

Қазiргi таңда Үкiметпен бiрлесiп, ЭЫДҰ, ГРЕКО, БҰҰ ұсынымдарынан туындайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар пысықталды. Олардың негiзгiсi — шенеунiктердiң заңсыз байығаны үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi енгiзу. 2021 жылдан бастап жалпыға бiрдей декларациялаудың бiрiншi кезеңiн iске қосуды ескере отырып, бiз келесi тетiктi ұсынамыз. Бастапқы кiрiс декларациясында мемлекеттiк қызметшi өзiнiң барлық активтерiн тiркейдi. Егер кезектi декларацияны тапсыру кезiнде оның негiздей алмайтын табысының едәуiр өсуi анықталса, оған мемлекеттiк қызметтен босату және негiзсiз асып кеткен соманы тәркiлеу шарасы қолданылады.

Дамыған елдерде қолданылатын кәсiби сатылмаушылыққа тексеру институтын енгiзу бiршама алдын алу әсерiн беретiн болады.

Сондай-ақ, күн тәртiбiнде мемлекеттiк қызметшi емес, бiрақ жариялық мiндеттердi орындайтын тұлғаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдану мәселесi де бар. Яғни, бiз пара алғаны үшiн коммерциялық банктердiң топ-менеджерлерiн, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң басшыларын, жеке сот орындаушыларын және жария қызметшiлердiң басқа санаттарын мемлекеттiк қызметшiлер сынды қылмыстық жауапкершiлiкке тартуды ұсынамыз. Бұл тәжiрибе бүкiл әлемде кең таралған.

Бүгiнгi таңда қоғамның сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға деген талпынысы бұрынғыдан да зор. Сондықтан жемқорлыққа қарсы кешендi реформалардың өзектiлiгiн асыра бағалау мүмкiн емес. Елбасы мен Мемлекет басшысының толық қолдауына ие бола отырып, бiз алдымызға Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ең пәрмендi құралдарды енгiзу мақсатын қоямыз. Бұл — экономикалық өсу мен азаматтардың әл-ауқатын арттырудың негiзгi шарты.

03.09.2020Қараулар: 4481

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-0-17.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қыркүйек, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930    
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

  

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77