Мемлекеттік басқару академиясына құжаттар қабылдау жалғасуда

Қазiргi таңда Академия халықаралық бiлiм беру стандарттары бойынша жұмыс iстейдi және iс басындағы мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби дамуы мен бiлiм алуына жауап беретiн Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Академияның жұмысы мемлекеттiк аппаратқа стратегиялық және инновациялық тұрғыда ойлай бiлетiн, және, сәйкесiнше, бүгiнгi күннiң ғана емес, ертеңгi күннiң де мiндеттерiн шеше алатын кадрларды дайындауға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы еңбек өтiлi 1 жыл+ мемлекеттiк қызметшiлердi магистратураның 11 бағдарламасының немесе докторантураның 4 бағдарламасының бiрiне грантқа түсуге шақырады.

Академиядағы оқу қандай бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады?

МАГИСТРАТУРА (1 жылдық оқу)

•MPMМемлекеттiк менеджмент (ыңғайлы оқу кестесi)

•MDPAЦифрлық мемлекеттiк басқару

•MACPСыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

•MPPLМемлекеттiк саясат және құқық

•MPPМемлекеттiк саясат (ағылшын тiлiнде оқытылады)

•MHRM Адами ресурстарды басқару

•MIRХалықаралық қатынастар

МАГИСТРАТУРА (2 жылдық оқу)

•MPPМемлекеттiк саясат

•MPAМемлекеттiк басқару

•ME Экономика

•MRD Өңiрлiк даму

ДОКТОРАНТУРА (3 жылдық оқу)

•DPAМемлекеттiк басқару

•DEЭкономика

•DIRХалықаралық қатынастар

•EDPM Мемлекеттiк менеджмент

Мемлекеттiк қызметшiлер үшiн Академияда оқудың артықшылықтары:

• Академиядағы оқу уақыты мемлекеттiк қызмет өтiлiне есептелiнедi.

• Академияда бiлiм алушылар соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық жалақы мөлшерiнде стипендия алады.

• Академияда бiлiм алушылар Maxwell School of Citizenship and Public Affairs — Сиракуз университетi (АҚШ), DBB академиясы (Берлин, Германия), Вена дипломатиялық академиясы (Австрия), Эстон дипломатия мектебi, Мохаммед Бин Рашид атындағы Мемлекеттiк басқару мектебi (БАӘ), Нидерландтық «Clingendael» Халықаралық қатынастар институты (Нидерланды), сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдегi дипломатиялық өкiлдiктерiнде бiлiм алуға және тағылымдамадан өтуге мүмкiндiк алады.

• Бiлiм алушылар Мемлекеттiк басқару академиясы жанындағы зерттеу орталықтарының жұмысына қатыса алады, мемлекеттiк сектордағы жобалық менеджмент бойынша сертификатталған сарапшылардың жетекшiлiгiмен өз жобаларын құрып, iске асыра алады.

Академияға түсу үшiн қажеттi құжаттар тiзiмi

• Өтiнiш

• Бiлiм туралы құжаттың көшiрмесi (қосымшаларымен бiрге)

• IELTS немесе TOEFL тестiн тапсырғаны туралы сертификаттың көшiрмесi немесе APTIS тестiн тапсыруға арналған тiркеу нысаны

• Еңбек қызметiн растайтын құжат (мемлекеттiк қызметшiлер үшiн қызмет тiзiмi немесе басқа тұлғалар үшiн еңбек кiтапшасының көшiрмесi)

• 086-У нысанындағы медициналық анықтама

• Мемлекеттiк органның жолдамасы (мемлекеттiк қызметшiлер үшiн)

• Магистратура бағдарламасының үмiткерлерi үшiн — мотивациялық эссе және бағдарлама бойынша эссе, докторантура бағдарламасының үмiткерлерi үшiн — мотивациялық эссе, зерттеу жұмысының жоспары (research proposal) және ғылыми еңбектердiң тiзiмi (бар болған жағдайда)

Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 12 шiлдесiне дейiн, APTIS тестiлеуi — 2019 жылдың 17–18 шiлдесiнде жүргiзiледi. APTIS тестi төрт тiлдiк дағды бойынша тапсырмаларды қамтиды: айтылым, жазылым, оқылым және тыңдалым. APTIS тестiн ұйымдастыру мен өткiзудi Британ кеңесi жүзеге асырады, бұл процестiң объективтiлiгi мен ашықтығын қамтамасыз етедi.

Академияның мемлекеттiк қызметшiлердiң IТ-құзыреттiлiгiн дамыту үшiн заманауи цифрлық платформасы, озық материалдық-техникалық базасы бар, ал оқу үдерiсiн ұйымдастырудың өзi цифрлық және интерактивтi оқыту технологияларын барынша қолдануға негiзделген. Академияның профессор-оқытушылар құрамы штаттағы, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан шақырылған оқытушылар-практиктерден тұрады, олар министрлер, министр орынбасарлары, әр түрлi департаменттердiң директорлары, елшiлер және т.б.

Мемлекеттiк басқару академиясына оқуға түсу туралы толығырақ ақпаратты www.apa.kz сайтынан және +7 (7172) 75 33 95 телефоны немесе admissions@apa.kz e-mail адресi арқылы бiлуге болады.

27.06.2019
Қараулар: 435