ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН

Бүгiн Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары Зәуреш Аманжолова мен Бақытгүл Хаменова жұмыс сапарымен Бурабай ауданына келiп, «Авиценна Бурабай» көпсалалы ауданаралық ауруханасының ұжымымен, «Мерей» ЖПП ұжымымен, Щучинск қаласы педагогикалық колледжiнiң студенттерi мен ұжымымен кездестi.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары қазiргi уақытта елiмiзде үдемелi индустриялық-инновациялық даму мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру бойынша белсендi жұмыс жүргiзiлiп жатқанын атап өттi. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 4 партиялық жобасы шеңберiнде "Nur Otan"партиясының XVIII съезiнде қойылған нақты мiндеттерi туралы айтылды.

04.05.2019
Қараулар: 228