АУДАНДЫҚ АППАРАТ КЕҢЕСІ

29 сәуiрiнде аудан әкiмi Қанат Қарауылов аппарат кеңесiн өткiзiп, аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкiмiнiң орынбасарлары, ТЖ бөлiмiнiң бастығы, атқарушы органдар мен ұйымдардың басшылары, аумақтық округ әкiмдерi, коммуналдық кәсiпорындар директорлары, аудан әкiмi аппаратының жауапты мамандары, БАҚ өкiлдерi қатысты.

Әкiмдiк отырысының алдында Қанат Серiкұлы Ақмола облысы Бурабай ауданы Кәсiпкерлер Палатасы филиалының жаңа директоры — Мұсылманбек Ерканат Серiкұлын таныстырды.

Аудан әкiмдiгiнiң отырысында ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуы және 2019 жылдың 1 тоқсанына Бурабай ауданы бюджетiнiң орындалуы қорытындыланды. Осы мәселе бойынша экономика және қаржы бөлiмiнiң басшысы Гүлбану Тiнәлинова ақпарат бердi.

Күн тәртiбiнiң екiншi мәселесi бойынша ТКШ, ЖК, АЖ және ЖИ бөлiмi басшысының м.а. Арман Нұртазин 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымының қорытындылары және 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымына дайындық туралы баяндады.

Қанат Серiкұлы А.Нұртазиннiң баяндамасын тыңдап, алдағы күзгi-қысқы кезеңге дайындық бойынша бiрқатар тапсырмалар бердi.

29.04.2019
Қараулар: 290