Ақмола облысы әкімінің Бурабай ауданына жұмыс сапары

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев өзiнiң Бурабай ауданына жұмыс сапары аясында қазақстандық "RG Gold" iрi компаниясының "Райгородок" алтын кен орнында болды.

Өңiр басшысы өндiрiстiк учаскелердi көру барысында алтын өндiрудiң технологиялық үдерiсiмен танысты.

Кәсiпорынның бас директорының мiндетiн атқарушы Бауыржан Тiлеулинов жаңа алтын айыру фабрикасын iске қосу бойынша жоспарларымен бөлiстi. Қазiргi уақытта, компания тотықтанған кендi шоғырлап сiлтiлеу әдiсiмен жылына 2 млн. тонна кен көлемiнде қайта өңдейдi. 2021 жылы компания бастапқы кендердi қайта өтуге өңдеуге көшудi жоспарлап отыр. Осы мақсатта КБК салуға ниеттi, онда тiкелей циандау технологиясы қолданылатын болады. Өңдеу көлемi жылына 5 млн. тонна кенге дейiн артатын болады. Жобаны iске асыруға инвестицияның сомасы 130 млрд теңгенi құрайды. 1 100 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Облыс әкiмi кәсiпорынды одан әрi дамыту өңiрдiң ғана экономикасына ғана емес, сонымен бiрге тұтастай алғанда елге де қызмет етедi деп атап өтiп, жобаны қолдады.

2014 жылдан бастап «RG Gold» компаниясы тұрақты негiзде жергiлiктi тұрғындарға әлеуметтiк қолдау көрсетедi. Ағымдағы жылы 36 млн теңгеге Николаевка орта мектебiнде жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде, осы күнi оған да өңiр басшысы барып шықты. Кәсiпорын қаражаты есебiнен Райгородок ауылында өткен жылдары суқұбыры мен су қыспақты мұнарасы салынғанын, аудандық жол жөнделгенiн атап өткен жөн. Успено-Юрьевка және Николаевка ауылдарының мектептерiне жиһаз, компьютерлер сатып алынды және жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Атамекен ауылында облыс әкiмi жеке кәсiпкер Болат Әбдiрахмановтың тауарлы-сүт фермасында болды. 2018 жылы "Агробизнес — 2020" және "Сыбаға" бағдарламалары бойынша фермер Чехиядан монбельярд және симменталь тұқымды 189 бас iрi қара мал сатып алды. Тағы өткен айда Словакиядан 16 бас симменталь тұқымды IҚМ әкелдi. Бүгiнде шаруашылықта 500 бас IҚМ бар.

Iрi қара малдың Монбельярд тұқымы Францияда шыққан, оның сүт өнiмдiлiгi өте жоғары болады. Қазақстан аумағына алғаш рет монбельярд тұқымын осы Болат Абдрахманов әкелдi. Өңiр басшысы Бурабай ауданының әкiмдiгiне мемлекеттiк қолдау құралдары туралы ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерi, шағын және орта бизнес өкiлдерi арасында белсендi түсiндiрудi жалғастыруды тапсырды.

Щучинск қаласында жақын арада жаңартылған "Жеке-батыр" шипажайы ашылады, ол 5-қабатты жаңа корпустан және екi қайта жаңартылып жатқан ғимараттан тұрады. Кең ауқымды медициналық қызмет спекторына қосымша осы жерде белсендi демалыс үшiн жақсы жағдай жасалатын болады. Ермек Маржықпаев құрылыс жұмыстарына оң баға бердi. Щучье-Бурабай курорттық аймағында орналастырудың жоғары сыныпты объектiлерiнiң өсуiне байланысты облыс әкiмi жауапты қызметтерге бiлiктi персонал iрiктеудi ұйымдастыруда жұмыс iстеудi тапсырды.

Жұмыс сапарының соңында өңiр басшысы аудан орталығының бiрқатар көшелерiн жаяу жүрiп өттi. «Неге қарапайым iстермен айналыспайсыздар. Тек өткен аптада осы жерде шабылмаған шөптерге қатысты мен ескертулер айтқан болатынмын, бiрақ ештеңе өзгермеген. Курорттық жерде әсiресе тазалық пен тәртiптi қамтамасыз ету қажет» — дедi Ермек Маржықпаев, ендi Щучинск пен Бурабайды абаттандыруды өзiнiң жеке бақылауында ұстайтынын атап өттi.

26.06.2019
Қараулар: 355