Мәдениет ауылына жұмыс барысымен

Ақмола облысы әкiмi Ермек Маржыкпаевтың тапсырмасы бойынша аудан әкiмi Мәдениет ауылына барды. Бұған дейiн жергiлiктi халықпен кездесуде бiрқатар мәселелер айтылды. Бүгiн өзектi мәселелердi шешу бойынша нақты ұсыныстар айтылды.

Тұрғындарды медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету мәселесi толғандырды. Кентте медпункт, медбике, санитар, қажеттi дәрi-дәрмектер бар. Аптасына 2 рет дәрiгердiң келуiн азаматтарға ыңғайлы кесте бойынша ұйымдастыру туралы тапсырма берiлдi.

Сондай-ақ, тасымалдаушылармен кездесiп, аптасына 3 рет қатынайтын автобус бағытын пысықтады.

Бұдан әрi жергiлiктi тұрғындар сұраған Зеленный Бор — Мәдениет жолын жөндеу барысын тексердiм.

Iс-сапар соңында Зеленобор мектебiнiң қысқа дайындығын тексерiп, ол мектептiң жылыту маусымының соңына дейiн көмiр қорымен толық қамтамасыз етiлгенiне көзi жеттi.

14.09.2019
Қараулар: 218