«Жас Ару - 2017» аудандық байқауы

Щучинск қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Жас Ару — 2017» аудандық байқауы өттi. 16 қатысушы мемлекеттiк тiлдi меңгеру, салт — дәстүрлер мен әдет — ғұрыптарды бiлу деңгейiн, шығармашылық мүмкiндiктерiн көрсетiп, «Менiң астанам» атты дефилеге қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша «Жас Ару — 2017» атағына №8 орта мектебiнiң оқушысы Әмина Ермекбай ие болды.

Бурабай ауданы әкiмiнiң баспасөз қызметi

 

 

29.11.2017
Қараулар: 60