ЖЕДЕЛ ДЕН ҚОЮ ЖАСАҒЫНЫҢ ЖИЫНЫ АУДАННЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ЖОҒАРЫ

2019 жылғы 25 ақпанда 13 сағат 35 минутта Бурабай ауданының шұғыл ден қою жасағының жиналуы бойынша кенеттен дабыл (кiрiспе) түстi. Осыған байланысты, Щучинск қаласындағы «ҚазМұнайГаз» ЖМС паркингiнде 45 минут iшiнде Бурабай ауданының дайындығы жоғары шұғыл әрекет ету жасағының жиыны өткiзiлдi. Жаттығуды аудан әкiмi Қанат Қарауылов бастады.

Практикалық iс-шараларды өткiзу үшiн Бурабай ауданының азаматтық қорғанысының мемлекеттiк жүйесiнiң құрамалары, Бурабай ауданының «ӨС және АҚЖҚ»-МӨСБ-23 ММ бөлiмшелерi, Бурабай ауданының БП, ЖПБ-88, ЖПБ-5, «Қазақавтожол» РМК АОФ, Щучинск қаласының жедел-құтқару жасағы, «Бурабай –Авиценна» ЖШС және басқалар тартылды. Жеке құрамнан жаттығуға 116 адам мен 40 бiрлiк техника қатысты.

Жасақтың сапына ҚР IIМ ТЖК азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары подполковник Жәнiбек Кәрiмбаев және Ақмола облысы ТЖД өкiлдерi келдi.

Аталмыш оқу-жаттығу азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, ауданның көлiк магистральдары мен тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнiң жұмыс iстеуi бұзылған жағдайда азаматтық қорғаныстың мемлекеттiк жүйесiнiң аудандық кiшi жүйесiнiң күштердi басқару бойынша жұмысын жетiлдiру үшiн өткiзiлдi

25.02.2019
Қараулар: 140