БИЗНЕСТІҢ ЖҮЙЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІН

Бизнестiң жүйелi мәселелерiн талқылау шеңберiнде, Бурабай ауданына Ақмола облысы прокурорының орынбасары Қуаныш Әмiралин, Ақмола облысы бойынша "Атамекен" Кәсiпкерлер Палатасы директорының орынбасары Шыңғыс Темiров келдi.

Аудан әкiмдiгiнiң үлкен залында Бурабай ауданы әкiмiнiң м.а. Достанбек Есжановтың төрағалығымен шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы және туризм салаларының, Бурабай ауданы бойынша Мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң өкiлдерiмен, Щучинск қаласының әкiмi, Бурабай кентi, ауылдық округ әкiмдерi, дербес бөлiмдердiң басшыларымен кездесу өттi. Сонымен қатар, кездесуге Бурабай ауданының прокуроры Асқар Байжанов қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша, аудан әкiмiнiң м.а. Достанбек Есжанов, Ақмола облысы прокурорының орынбасары Қуаныш Әмiралин азаматтардың жеке қабылдауын өткiздi. Онда корнектi ауылында жердi алып қоюға, мал жаюға және Щучинск қаласында жердi мақсатсыз пайдалануға қатысты мәселелер қаралды.

25.07.2019
Қараулар: 175