Бурабай ауданында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 27 желтоқсанына дейін «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» атты акция басталады, онда әр адам бағалы сыйлық иегері бола алады!

Бақылау-касса машиналарының 10 фискалдық чектердi жина да, Щучинск қаласы, Бурабай кентi сауда үйлерiнде және ауыл аймақтағыәкiмдiктерiнде орналасқан купондарды қабылдау бекеттерiнде 1 купонға айырбаста.

Чек неғұрлым көп болса, соғұрлым жүлде алу мүмкiндiгiңiз бар!

Сауда автоматтары, төлемдердi қабылдау бойынша терминалдар (ұялы телефондар) және коммуналдық қызметтер, АҚС төлемдерiн растайтын чектерi қабылданбайды.

Ұтыс ойыны тоқсан сайын: 2018 жылғы 20 наурызда, 2018 жылғы 20 маусымда, 2018 жылғы 20 қыркүйекте және бас ұтыс 2018 жылғы 25 желтоқсанда сағат 10.00-де Щучинск қ. аудандық Мәдениет үйiнде жүргiзiледi.

Акцияның мақсаты: тұтынушылардың құқықтарын қорғау, аудан тұрғындарының салық мәдениетiн көтеру, көлеңкелi экономика көлемiн қысқарту, кәсiпкерлер арасында адал бәсекелестiктi ынталандыру, бақылау-кассалық машиналарды қолдану бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары туралы қоғамды хабардар ету негiзгi болып табылады.

Кәсiпкерлердiң чек беруден бас тартқан жағдайда, 2-36-10 телефон хабарласа аласыздар. (Бурабай ауданы бойыншамемлекеттiк кiрiстер басқармасы)

Фискалдық чектердi купондарға айырбастау пункттерi:

Атауы Мекен-жайы
«Ақжелкен» СҮ Щучинск қ. Әуезов көшесі 77а
«Архей» СҮ Щучинск қ. Едомский көшесі 36
«Береке» СҮ Щучинск қ. Морозов көшесі 34 а
«Попутчик» кіші маркеті Щучинск қ. Профессиональная көшесі 7 а
«Кристалл» дүкені Щучинск қ. Едомский көшесі 32
«Қазақстан» СҮ Щучинск қ. Горный шағын ауданы 1Б
«Плаза» СҮ Бурабай кенті Кенесары көшесі 23
  ауыл аймақтықәкімдіктері

10.01.2018
Қараулар: 38