Қазақстанда 1 маусымнан бастап халыққа арналған цифрлық суаттылық курстары басталады

2017 жылы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы бекiтiлдi. Бағдарламаның басты индикаторларының бiрi — халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру.

Осыған байланысты, Қазақстанның барлық өңiрлерiнде халыққа базалық цифрлық дағдыларға оқыту курстары өткiзiледi.

2018 жылы халықтың цифрлық сауаттылығы деңгейi республика бойынша — 79,6% — ды, Ақмола облысы бойынша — 68,9% — ды құрады. Ағымдағы жылы оқыту 2020 жылға қарай халықтың цифрлық сауаттылығының 80% деңгейiне қол жеткiзу үшiн жалғастырылатын болады.

Бұл көрсеткiшке қол жеткiзу үшiн 2019 жылы Ақмола облысында 79 608 адамды базалық құзыреттiлiкке оқыту қажет, оған мобильдi дағдылар, интернетте жұмыс iстеу, қауiпсiздiк, деректердi қорғау және т.б. кiредi.

Оқыту келесiдей жүргiзiлетiн болады:

1. базалық цифрлық дағдылар бойынша. Оған дербес компьютер мен ноутбукты, мобильдi құрылғыларды сенiмдi пайдалану, Интернет желiсiн, қауiпсiздiк және деректердi қорғау кiредi;

2. электрондық үкiмет және электрондық мемлекеттiк қызметтер бойынша;

3. Ашық үкiмет бойынша. Дағдылар «Ашық үкiметтiң» төрт компонентiн (ашық деректер, ашық нормативтiк-құқықтық актiлер, ашық диалог және бюджеттер) қамтиды;

4. электрондық сауда бойынша (тауарлар мен қызметтердi онлайн сатып алу, сату және жылжыту дағдылары).

Оқыту курстары 1 немесе 4 дағды бойынша өз құзыретiн көтергiсi келетiндерге тегiн берiледi.

Курстар 1 маусымда басталып, Қазақстанның барлық өңiрлерде (аудан орталықтарында, ауылдарда және кенттерде) өтедi.

Нақты аймақта өткiзу мерзiмi мен орнын нақтылау үшiн 1414 нөмiрi бойынша хабарласуға болады.

31.05.2019
Қараулар: 175