Щучинск қ. аудан басшысы Қ. Қарауыловтың қатысуымен Жаңа жылдық шырша шамдары жағылды

Бүгiн аудан әкiмi Қанат Қарауыловтың қатысуымен алаңында орнатылған Жаңа жылдық бас шыршаның шамдары жағылды.

Шараға қала тұрғындары мен мектеп оқушылары көптеп жиналды.

Шара барысында аудан басшысы сөз сөйлеп, жиналғандарды келе жатқан мерекемен құттықтап, Жаңа жылда жаңа жақсылықтарға жетулерiне тiлектестiгiн бiлдiрдi.

Сiздер күннен-күнге қаламыздың көркеюiнiң куәсi болып жүрсiздер. Сiздердi келе жатқан Жаңа жыл мерекесiмен құттықтаймын! Отанымызға бейбiтшiлiк, отбасыларыңызға бақыт, амандық және сiздерге және сiздердiң отбасыларыңызға мықты денсаулық тiлеймiн, — дедi әкiм.

Облыс әкiмiнiң құттықтау сөзiнен кейiн шырша шамы жағылып, әсем әндер шырқалып, өнерпаздар би биледi.

26.12.2017
Қараулар: 287