«Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты авторлық өлеңдер мен әндер аудандық байқауының гала-концерті өтті

1 желтоқсан күнi аудандық мәдениет Үйiнде «Елiн сүйген, елi сүйген — Елбасы» атты авторлық өлеңдер мен әндер аудандық байқауының гала-концертi өттi. Қазан айында жарияланған сайыс ҚР Тұңғыш Президентi күнiне орай өткен болатын. Оған аудан бойынша 25 автор қатысты. Байқау жеңiмпаздары мен қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды. Шара соңы аудандық мәдениет Үйiнiң шығармашылық ұжымы әзiрлеген мерекелiк концертке ұласты.

 

01.12.2017
Қараулар: 39