Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында халыққа медициналық көмек көрсету мерзімі 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілді

2017 жылдың 13 желтоқсанында өткен ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң жалпы отырысында депутаттар «Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру» заңында көзделген сенаторлардың түзетулерiмен келiстi.

Бұдан алдын Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорының басшысы Елена Бахмутова 2018 жылдан 2020 жалға мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандырудың (МӘМС) мерзiмiн кейiнге ауыстыруға қатысты заң жобасы барлық нормаларды қамтитынын хабарлады.

Оның айтуынша, алдағы екi жылда мiндеттi медициналық сақтандыруға арналған жарнаны жинау жұмыс берушiлерден тек төлем түрiнде жүргiзiлетiн болады. Сонымен бiрге, жұмыс берушiлер үшiн әлеуметтiк сақтандыру мелекеттiк қорына аударымдардың мөлшерi 5% — дан 3,5% — ға төмендейдi. Тиiсiнше, жұмысшының табысынан алынған 1,5% айырмашылықты жұмыс берушi әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына аударатын болады.

Барлық қалған салық төлеушiлер, атап айтқанда, жеке кәсiпкерлер және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс iстейтiн жеке тұлғалар, 2018 және 2019 жылдары төлем жасамайды. Сондай-ақ, мемлекет жауап беретiн жеңiлдiктi санаттағы тұрғындар үшiн төлемдер жасау басталмайды. Осының барлығы 2020 жылдан басталады.

Азаматтық-құқықтық келiсiмшарт негiзiнде табыс табатын тұлғалар төлейтiн жарна мөлшерi төмендетiлдi. Олар 2020 жылдан бастап табыстың 1 пайызы, 2021 жылдан бастап 2 пайызы көлемiнде жарна төлейдi. 2018-2019 жылдары олардың табысынан жарна ұсталмайды.

Жеке кәсiпкерлер 2018-2019 жылдары ЖК ретiнде өзi үшiн жарна аудармайды. БIРАҚ қарамағындағы қызметкерлер үшiн жұмыс берушi ретiнде жарна аударуды тоқтатпайды (2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап — 2%.

Жұмыс берушiлер жалдамалы жұмыскерлердiң жалақысынан 2020 жылы 1%, 2021 жылдан бастап 2% ұстап, Қорға аударады.

Сондай-ақ, 2020 жылдан 2022 жылдарға дейiн сақтандырылмаған халыққа тегiн медицинамен кепiлдiк берiлген көмектiң оңтайландырылған пакетiн ұсынуды сақтау жоспарланып отыр.

Қор 2018 жылдың 1 қаңтарынан тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн және медициналық қызметтерге бiрыңғай төлеушiлер үшiн оператор болып табылды. Бұл сатып алу, сапаны бақылау және медициналық қызмет ақысын төлеу, жоспарлау механизмiн жетiлдiру үшiн мүмкiндiк бередi.

Ақмола облысы бойынша
филиалдың директоры                                                                                      Н.Ахильбеков

05.01.2018
Қараулар: 179