Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Мемлекеттік органдарға деген тұрғын халықтың сенімін арттыру, барлық сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға жаппай төзімділікті қалыптастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2015 жылғы 30 желтоқсанда «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді, сондай-ақ толық құпиялылық кепілденіп, мемлекет өз қорғау астына алады. Осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларда, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер белгіленуі мүмкін.

Барлық сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың көріністері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 1424 тегін сеніп телефону бойынша, немесе 8-716-36-2-30-88, Щучинск қ., Луначарский к., 90, мекенжай бойынша орналасқан Бурабай аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауданаралық басқармасына, немесе 29-65-07, 29-65-05 телефондары, Көкшетау қаласы, Горький к. 71 мекенжай бойынша орналасқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша Департаментіне жүгінуге болады.

Тақырыпты жалқастыру отыра, Қазақстан Республикасы Конституциясында адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі, олар абсолютті және туғанннан бастап өз иелігіне тиесілі деп танылады, сондай-ақ заңдары мен басқа да НҚА қамтылуы мен қолдынылуы анықталады. ҚР Констуциясының 13 бабына сәйкес Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.

742e3033be3fd33645ae2902ce01a203

13.04.2018
Қараулар: 312