Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

2018 жылдың 4 маусымында Бурабай аудандық әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Райхан Братаеваның қатысуымен кеңес болып өтті.

Жиынға Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, БАҚ өкілдері шақырылды.

Кеңеске Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Құдайбергенов төрағалық етті.

Аталмыш кездесудің мақсаты - Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2018 жылға арналған кешенді жоспарды іске асыру, сондай-ақ, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа мүлде төзбеушілік қағидасын дамыту.

Жиын барысында Қазақстан халқы ассамблеясының Ақмола облысы бойынша мүшесі Жеңіс Оспанов пен "Нұр Отан" ХДП аудандық филиалының сектор меңгерушісі Қайныш Өміртаева сөз сөйледі.

Кеңеске қатысушылар кездесу соңында өздерін қызықтырған сауалдар қоя алды.

Кеңесті Қазақстан Республикасы мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Р.Ғ. Братаева қорытындылады.

DSC05806

DSC05793

DSC05796

DSC05797

05.06.2018
Қараулар: 377