Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жаңа тәсілдер

2018 жылдың 12 маусымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Ақмола облысы бойынша Департаменті басшының орынбасары А.Әсет, Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша депратаменті (МҚІжСЖҚІАД) басшысының орынбасары Д.Хайруллин Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, онда қылмыстық құқықбұзушылықты және өзге де заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою бойынша ұсынымды қарастырды.

Қазір аталмыш тәжірибе тұрақты түрде енгізілген, енді қылмыстық істерді тергеу кезінде анықталған әрбір құқықбұзушылық пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мемелкеттік органдардың ұжымдарында талқыланып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, МҚІжСЖҚІАД басшылығының тікелей қатысуымен, сондай-ақ, қоғам және БАҚ өкілдерін шақыртумен қарастырылады.

Аталған шараның мақсаты - мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын қайта жасау фактілерін болдырмау.

Кездесу барысында мемлекеттік оргнандардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, қолданыстағы заңнаманы сақтауға бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізілді.

Бұдан бөлек, ауданның мемлекеттік қызметшілерінің назарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жүргізіліп жатқан жұмыс, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды ынталандыру институты жайлы ақпарат жеткізіліп, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

DSC05865

DSC05879

DSC05886

DSC05873

13.06.2018
Қараулар: 482