ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КОНЦЕРТ

7 наурызында аудандық мәдениет үйiнде Халықаралық әйелдер күнiне арналған салтанатты концерт өттi.

Бурабай ауданының әкiмi Қанат Қарауылов адамзаттың әдемi жартысына құттықтау сөз сөйлеп, әр қатысушы әйелге гүл шоқтары табыс етiлдi.

Салтанатты марапаттау рәсiмi: «Күмiс алқа» алқасымен, Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң құрмет грамотасымен, Ақмола облысы әкiмiнiң алғыс хатымен, Бурабай ауданы әкiмiнiң алғыс хаттарымен ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуына үлес қосқан бiрқатар асыл жандар марапатталды.

Салтанатты iс-шара ауданның ұжымдары мен вокалистарының қатысуымен концерттiк бағдарламамен аяқталды.

07.03.2019
Қараулар: 113