«Тәуелсіздіктің нұры - тұңғыш Елбасы»

Ағмдағы жылдың 1 желтоқсанында Тұңғыш Президент күнiне орай аудандық кiтапханада «Тәуелсiздiктiң нұры- тұңғыш Елбасы» атты портрет кешi өттi. Шара барысында Елбасының өмiрi мен әлем деңгейiндегi саяси жетiстiктерi туралы айтылды. Педагогикалық колледж студенттерi Елбасыға арналған өлеңдер оқып, «Үш қоныр», Сарыарқа» әндерiн орындады. Кiтапханашылар мемлекет басшысының өмiрбаяны мен еңбек жолына арналған кiтаптар топтастырылған кiтап көрмесiн ұйымдастырды.

Бурабай аудангы әкiмiнiң баспасөз қызметi

01.12.2017
Қараулар: 23