Құрметті ақмолалықтар! Алғаш рет Transparency Kazakhstan сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебін ұйымдастыратынын хабарлайды

Сiздi Көкшетау қаласында 8 шiлде күнi сағат 9.00 — 18.00 аралығында өтетiн Transparency Kazakhstan сыбайлас жемқорлыққа қарсы Жазғы мектебiнiң қатысушысы болуға шақырамыз!

Қатысу тегiн!

Өтiнiмдi https://forms.gle/Ce6DTMPmQFLG5qj38 сiлтемесi арқылы а.ж. 14 маусымға дейiн беру қажет.

Мектеп шеңберiнде тыңдаушыларға мыналар ұсынылады:

oсыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегi халықаралық тәжiрибеге шолу,

oқазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларына шолу,

oсыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы қолданбалы құралдар мен қадамдық ұсынымдар,

o тиiмдi сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастықтың нақты мысалдары

oсыбайлас жемқорлықтың терiс әсерiн жою үшiн пайдалануға болатын стратегиялар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Жазғы мектептiң аудиториясы.

Журналистер, құқық қорғаушылар, ҮЕҰ өкiлдерi, келiсiм-қызметтер, студенттер арасындағы белсендiлер, оқытушылар, қала құраушы және iрi кәсiпорындардың заңгерлерi, әкiмдер мен мәслихат депутаттары.

Спикерлер:

Шолпан Айтенова, Zertteu Research Institute директоры

Дидар Смағұлов, ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгi директорының м.а.

Ольга Шиян, Transparency Kazakhstan атқарушы директоры

Қосымша ақпарат: 8 (7162) 518123

12.06.2019
Қараулар: 237