Құрметті электр энергиясының тұтынушылары!

Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 жаңа коронавирусты жариялауына және төтенше жағдай режимiн енгiзуге байланысты бiз сiздермен бiрге елдiң экономикасының барлық секторларына, соның iшiнде электр энергетикасына пандемияның аса терiс ықпалының куәсi болдық.

2020 жылғы 16 наурыздағы өз сөзiнде бiздiң Президент Қ.К.Тоқаев Қазақстанның барлық азаматтарын тыныштықты сақтауға, бiр-бiрiне көмектесуге, өзiн және жақындарын қорғауға шақырды. Сондай-ақ, «Бiздiң халқымыздың рухының күшi, бiзге тән оптимизм мен өмiрге оң көзқарас, бүгiнгi күнi әсiресе маңызды», — деп атап өттi.

Бiз Үкiметпен қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар қазақстандықтарға әлемдiк қатерлерге қарсы тұруға көмектесетiнiне және бұл бiздi одан да күштi әрi ұйымшылдыққа жетелейтiнiне сенiмдiмiз.

Бүгiн, осы қиын уақытта «Көкшетау Энерго» ЖШС өз тұтынушыларын электр энергиясымен үздiксiз жабдықтауды қамтамасыз ету үшiн барлық қажеттi күш-жiгерiн жұмсайды, өйткенi барлық тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi электр энергиясына байланысты.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының бастамасын қолдау мақсатында бiздiң компания тиiстi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, жеке тұлғалар үшiн электр энергиясының тарифiн 10% — ға төмендету мәселесiн пысықтады.

Сонымен қатар, Екiбастұз МАЭС-1 және МАЭС-2 өндiрушi компаниялары бұрын бекiтiлген тариф бойынша электр энергиясын босататынын атап өткiм келедi, ал бiздiң өңiрдiң кепiлдiк берушi жеткiзушiсi — «Көкшетау Энерго орталығы» ЖШС осы компаниядан электр энергиясын алдын ала төлеу бойынша, төлемдер бойынша мерзiмiн ұзартпай жiбередi.

Осыған байланысты, энергиямен жабдықтаушы ұйым — «Көкшетау энергия орталығы» ЖШС және энергия берушi ұйым — «Көкшетау Энерго» ЖШС энергия өндiрушi кәсiпорындар (станциялар), «KEGOC» АҚ және аймақтық электржелiлiк компаниялар алдында белгiлi бiр мiндеттемелерi бар екенiн ескеру қажет. Мiндеттемелер бойынша төлем болмаған, не уақтылы төленбеген жағдайда, соңғысы электр энергиясын берудi шектейдi, бұл өз кезегiнде «Көкшетау энергия орталығы» ЖШС барлық тұтынушыларын электр энергиясын жабдықтауда iркiлiске әкеледi.

Сiздерге ыңғайлы болу үшiн электр энергиясы үшiн төлемдi үйден шықпай-ақ, Екiншi деңгейдегi банктердiң мобильдi қосымшалары мен электрондық әмияндар бойынша, сондай-ақ жақын жердегi төлем терминалдары арқылы жүргiзуге болады.

Бұдан басқа, кейiннен жұмысы қазiр пысықталып жатқан мобильдiк кассалық операторлардың қызметтерiн пайдалануды ұсынамыз.

Осыған байланысты, Құрметтi абоненттер, осы ауыр уақытта тұрмыстық қолайсыздық тудырмау үшiн, пайдаланған электр энергиясы үшiн уақытылы төлем жасап, жауапкершiлiк көрсетулерiңiздi сұраймыз.

Құрметпен,
«Көкшетау Энерго» ЖШС

24.04.2020Қараулар: 328

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-0-17.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қыркүйек, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930    
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

  

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77