ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

«Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі Щучинск қаласының тұрғындарына «Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Набережная көшесінің жолын күрделі жөндеу» жұмыс жобасына ҚОӘБ материалдары бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдау болатыны туралы хабардар етеді.

ЖАО өкiлi - «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары секторының меңгерушісі Д.Д. Бурякова.

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы өткiзу бойынша орган - «Мемсараптама» РМК.

Тапсырыс берушi – «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Набережная көшесі,73, тел.: 4-47-24.

Жобаны жасаушы «Консалтинговый центр «КАЗЭКСПЕРТ» ЖШС, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 85, 213 каб., тел. 8 (7162) 501227.

Қоғамдық тыңдау 2018 ж.19.07. сағат 11.00, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көшесi 34, 202 каб. мекенжайы бойынша өткізіледі. Жоба бойынша құжаттама http://burabay.akmo.gov.kz// сайтында орналастырылған. Қағаз тасығыштағы жобаның материалдарымен Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көшесi, 202 каб. мекенжайы бойынша танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстар kazekspert@inbox.ru. электрондық мекенжайы бойынша қабылданады. Анықтама үшін телефон: 8 (7162) 50-12-27.

Внимание1

21.06.2018
Қараулар: 179