ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

Аудан әкiмi Әсет Мұздыбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң «99265 әскери бөлiмi» РММ-мен Бурабай кентiнiң «Маяк шоқысы» резервуарларының ауданында өткен, әскери тактикалық-арнайы оқу-жаттығуына қатысты.

Аумақтық әскерлер — бұл ҚР ҚК-нiң құрамдас бөлiгi, iрi ауқымды қақтығыстардың пайда болу қаупi кезiнде бұл қорғаныс жүйесi елдiң әскери-саяси басшылығына қауiпсiздiк қаупiне дер кезiнде әрекет етуге мүмкiндiк бередi. Бұл бiздiң армиямызда оқыған адамдар, олар үнемi Отан қорғауға қатысуға дайын болады.

Болашақ Отан қорғаушысы сау, мықты және төзiмдi болуы керек. Негiзгi физикалық қасиеттердi қалыптастыруға және дамытуға үлкен мән берiледi.

 

25.09.2019
Қараулар: 176