Ақмола облысында қажеті жоқ анықтамаларды сұрату фактілері анықталды

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi мемлекеттiк органдардың басшыларымен және бақылау қызметiн атқаратын жұмысшылармен кездесу өткiзiп, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер сапасын арттыру мәселесiн талқылады.

Департамент басшысы Берген Беспалиновтың айтуынша, басты мақсат — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi мобильдi түрге ауыстыру, азаматтарды электронды қызмет алуға үйрету болып табылады, себебi бұл жемқорлықтың алдын алып қана қоймай, жұмысшыларға түсетiн ауыртпалықты азайтады.

Жиын барысында мектепке қабылдау барысындағы арнайы стандарттармен көзделмеген құжаттарды талап ету фактiлерi талқыланды. Мысалға, жеке дара бiлiм беру ұйымдарында әлi күнге дейiн мекен-жай анықтамасын және учаскелiк дәрiгердiң анықтамасын сұратып келедi. Бұл қолданыстағы заңнаманың талаптарына қайшы.

«Құқық бұзушылықтардың негiзгi себептерi қызметтердiң қағаз түрiнде көрсетiлуiнде, және азаматтардың құқықтық сауаттылығы деңгейiнiң төмендiлiгiнде. Көптеген азаматтар қандай анықтамаларды беруге мiндеттi емес екендерiн бiлмейдi» — деп Департаменттегi Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер басқармасының басшысы Әдiлбек Қайырболатұлы мәлiмдедi. Оның айтуынша, дәл осындай құқық бұзушылықтар өткен жылы өткiзiлген бақылау шаралары барысында анықталып едi, бiрақ өкiнiшке орай жеке дара ұйымдардың басшылары өздерi үшiн қорытынды жасамай, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бұзуда.

Оған қоса Ақмола облысында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң 80% денсаулық сақтау саласы ұйымдарымен көрсетiлетiнi, бiрақ бүгiнгi таңда Денсаулық сақтау басқармасында бұл қызметтердiң сапасын қадағалайтын құрылымның жоқтығы айтылды. Аталған жағдай да жалпы қызметтердiң сапасына ықпал етедi. Дәл осындай құрылым Ақмола облысы бiлiм басқармасында да жоқ екен.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын ұдайы арттырып, оларды көрсету үдерiсiн тұрақты түрде дамытып отыру қажет. Азаматтарға қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпаратты сапалы жеткiзу қажет. Сонда ғана бiз азаматтардың бiзге деген сенiмiн арттырып, жемқорлық деңгейiн төмендетемiз. Бұған еш бөгет жоқ, қалауымыз болса болды» — деп Берген Беспалинов ескертiп өттi.

Аталған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн мемлекеттiк органдарға электронды түрде көрсету мүмкiндiгi бар қызметтердi қағаз түрiнде көрсетудi тоқтату, қызмет көрсету тәртiбi туралы халықты ақпараттандырудың барлық құралдарын тиiмдi қолдану, әлеуметтiк желiлерде жұмыс iстеу сияқты ұсыныстар енгiзiлдi.

10.06.2019Қараулар: 954

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-0-17.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
тамыз, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31      
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

  

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77