ШҚО-ның Курчатов қаласында Абай саябағы ашылды

Демалыс орыны данышпан ақын атындағы көшенiң бойында орналасқан. Саябақ iшiне ағаштар отырғызылып, жайлы орындықтар қойылды. Абайдың қара сөздерi жазылды. Жалпы құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 18 миллион теңге жұмсалған. Бұл жерге балаларымен келушi қалалықтар көбейген. Әсiресе, мектеп оқушыларының құрметi ерекше. Шаһардағы №4-шi орта мектептiң ұстаздары қазақ әдебиетi сабағын осы жерде өткiзудi қолға алыпты. Алғашқы нәтижелерi де көңiл көншiтерлiк.

Анастасия Костеева, Курчатов қаласындағы №4-шi орта мектептiң оқушысы:

 — Өсек, өтiрiк, мақтаншақ. Ерiншек, бекер, мал шашпақ. Бес дұшпаның бiлсеңiз. Талап, еңбек терең, ой. Қанағат, рақым ойлап қой. Бес асыл iс көнсеңiз. Жамандық көрсең нәфрәтлi, Суытып көңiл тыйсаңыз. Жақсылық көрсең ғибратлi, Оны ойға жисаңыз. Осы өлеңiнде Абай бiздiң болашағымызға айтады, жақсылыққа жақын болу. Ал жамандықтан алшақ болуды айтқан. Және де осы өлеңде адамгершiлiкке, iзгiлiкке, ғылыми iзденiске шақырады.

Алексей Глазинский, Курчатов қаласы әкiмiнiң орынбасары:

 — Бұл жер ендi қалалықтар үшiн отбасылық демалыс орнына айналары сөзсiз. Мұнда әлi көркейту жұмыстары жалғаса бередi. Көктемде тағы да ағаштар отырғызып, жасыл желекке айналдыруды жоспарлап отырмыз.

 

26.12.2017
Қараулар: 365