Еліміздің 5 өңірінде жолдар жабылды

Күннiң күрт бұзылып, көктайғақ болуына байланысты елiмiздiң 5 өңiрiне қатынайтын автожолдар жабылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетi хабарлады. Атап айтсақ, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында кеше түннен берi көлiк түрлерiнiң бәрiне барлық бағыттар бойынша қозғалыс шектелдi. Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды әуежайында 3 рейс кейiнге шегерiлдi.

26.12.2017
Қараулар: 261