Ақмола облысы соттарында QR код жүйесі енгізілді

Ақмола облысы бойынша Соттар әкiмшiсiмен сотқа келушiлерге сот төрелiгiне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн QR код жүйесiн енгiзуде. QR код көмегiмен сот туралы ақпаратпен, атап айтқанда, соттың байланыс нөмiрлерiн, мемлекеттiк баж соммасын, банкiлiк реквизиттер, талап қою арыздарының үлгiлерiмен, нұсқаулықтар және басқа да ақпараттармен танысуға немесе жүктеуге болады.

QR кодтар соттардың және ауылдық округтердiң әкiмдiктерiнiң күту залдарында орналасқан.

QR код арқылы азаматтар соттың орналасқан жерiн, азаматтарды қабылдау мерзiмiмен, мемлекеттiк баж реквизиттерiмен, «Сот кабинетi» сервисiмен және тағыда басқа ақпаратпен танысуға болады. Ол үшiн азаматтарға күнделiктi пайдаланатын смартфонның көмегiмен штрих-кодты сканерлеп, экранда көрсетiлген сiлтемемен соттың парақшасына өту арқылы барлық ақпаратты көруге болады.

Енгiзiлiп жатқан жаңашылдық соттардың ғимараттарында және халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан.

Азаматтарға сот жүйесiне енгiзiлiп жатқан ақпараттық технологияларды кеңiнен пайдалануға ұсыныс бiлдiре отырып, электронды сервистердi жетiлдiру бойынша ұсыныстарыңызды қабылдауға дайынбыз.

Ержан Сыздықов,
Ақмола облысы бойынша
Соттар әкiмшiсiнiң ақпараттық технологиялар
және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлiмiнiң басшысы

18.04.2019
Қараулар: 369