АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ ОТЫРЫСЫ

Аудан әкiмiнiң м.а. Достанбек Есжанов әкiмдiк отырысын өткiздi.

Күн тәртiбiнде ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары және 2019 жылдың II тоқсанына Бурабай ауданы бюджетiнiң орындалуы туралы мәселелер қаралды. Экономика және қаржы бөлiмiнiң басшысы Гүлбану Тiнәлинова баяндама жасады.

Күн тәртiбiнiң екiншi мәселесi бойынша жұмыспен қамту орталығының директоры Кенже Иманқұлова Бурабай ауданында атаулы әлеуметтiк көмек бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкiмiнiң м.а. Досанбек Есжанов ТКШ, ЖК, АЖ және ЖИ бөлiмi басшысының м.а. Арман Нұртазинге, "Термо Транзит" ШЖҚ МКК директорының м.а. Сергей Росляковқа, "Бурабай Су Арнасы" ШЖҚ МКК

Галина Телегеноваға, "Бурабай Тазалық" ШЖҚ МКК Сайран Құлжановқа тапсырды:

- кәсiпорындардың кредиторлық және дебиторлық берешегiн, оның iшiнде тұтынушылардың көрсетiлген коммуналдық қызметтер үшiн берешегiн төмендету бойынша шаралар қабылдау.

Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне:

- Мемлекеттiк сатып алу бойынша рәсiмдердi уақытылы және сапалы өткiзудi қамтамасыз ету;

- ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi көрсеткiштерiнiң орындалуының оң динамикасын қамтамасыз ету;

- мемлекеттiк жеке меншiк әрiптестiктi қолдануға жаңа тәсiлдердi пайдалана отырып, инвесторларды тарту жөнiндегi жұмысты күшейту;

- ауданда болып жатқан барлық салаларда оң мысалдарды жариялау бойынша жұмысты жандандыру.

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi басшысының м.а. Светлана Анискина, "Халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ директоры Кенже Иманқұлова, аумақтық округ әкiмдерiне:

- ағымдағы жылдың 26 шiлдесiне дейiн аумақтық округ әкiмдерiн атаулы әлеуметтiк көмек алушылардың материалдық жағдайын тексеру жөнiндегi учаскелiк комиссиялардың төрағалары етiп сайлау;

- атаулы әлеуметтiк көмек алушыларды қайта тексеру үшiн учаскелiк комиссиялардың жұмысын күшейту;

- ӨСП төлеу бойынша Өзiн-өзi нәтижесiз жұмыспен қамтылған азаматтармен жұмысты жандандыру.

24.07.2019Қараулар: 581

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
сәуiр, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930   
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77