ӘКIМДIК ОТЫРЫСЫ

3 шiлдеде аудан әкiмi Қанат Қарауылов әкiмдiк отырысын өткiздi. Отырысқа аудан активi, аумақтық округ әкiмдерi, атқарушы органдар мен ұйымдардың басшылары, бақ өкiлдерi шақырылды.

Әкiмдiк отырыстарының алдында Қанат Серiкұлы Бурабай ауданы әкiмiнiң экономикалық мәселелер жөнiндегi жаңа орынбасары Уәлихан Ғабдуллиндi таныстырды.

Күн тәртiбiнде Бурабай ауданындағы көктемгi егiс жұмыстарының қорытындысы туралы мәселелер қаралды. Ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң басшысы Ренат Қасенов баяндама жасады.

Күн тәртiбiнiң екiншi мәселесi бойынша аудан әкiмiнiң орынбасары Мәлiка Нұрпанова Бурабай ауданында 2019 жылғы көктемгi шақыру науқанының қорытындысы туралы баяндады.

Сонымен қатар, ағымдағы мәселелер қаралды, онда Бурабай кентiнiң әкiмi Талғат Амантаев пен Щучинск қаласының әкiмi Бегахмет Махметов абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкiмi бiрқатар нақты тапсырмалар бердi.

03.07.2019
Қараулар: 144