АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ ОТЫРЫСЫ

4 наурызында аудан әкiмi Қанат Қарауыловтың төрағалығымен аудан әкiмдiгiнiң отырысы өттi. Отырысқа аудандық мәслихаттың хатшысы, аудан әкiмiнiң орынбасарлары, атқарушы органдар мен ұйымдардың басшылары, аумақтық округтердiң әкiмдерi, коммуналдық кәсiпорындардың директорлары, аудан әкiмi аппаратының жауапты мамандары, БАҚ өкiлдерi шақырылды.

2019 жылы Бурабай ауданының аумағында тасқын суларды апатсыз өткiзу бойынша қабылданған шаралар туралы Бурабай ауданының ТЖ бөлiмiнiң бастығы Нұрлан Қүлбаев баяндама жасады.

ТЖ бөлiмiнiң бастығы хабарлағандай, ауданда су тасқынына қарсы iс-шараларға 4 елдi мекенде (Атамекен ауылы, Веденовка, Кенесары ауылдары мен Щучинск қаласы) инженерлiк қорғаныс жүргiзiлдi. Бурабай ауданының елдi мекендерiн су басуына жол бермеу мақсатында, алдын ала 5 гидротехникалық имаратқа комиссиялық тексеру жүргiзiлдi. Тексеру нәтижелерi бойынша ұсыныстар берiлдi.

Төтенше жағдай аудандарынан ықтимал халықты эвакуациялау орындары ұйымдастырылды. Су тасқыны кезеңiнде азаматтардың қауiпсiздiгi мәселесiн қарастыру бойынша халықпен жиындар өткiзедi олар Щучинск қаласындағы «Әбiлдi» қонақ үйi, елдi мекен мектептерi, аумақтық округ әкiмдiктерi.

Отырыста Бурабай ауданының ТКШ, ЖК, АЖ және ЖИ бөлiмiнiң басшысы Қайыргелдi Мусин қар шығаруға келесi кәсiпорындар: ШЖҚ МКК «Тазалық-Сервис», сондай-ақ жеке ұйымдар, ауылдық елдi мекендерде ШҚ және фермерлiк құрылымдардың күшiмен қатыстырылғанын хабарлады

Желтоқсан айынан бастап қар шығару бойынша жұмыстар жүргiзiлуде, ағымдағы жылғы 21 ақпандағы жағдай бойынша Щучинск қаласы бойынша 10300 м3 көлемiнде қар шығарылып, 7 бiрлiк техника тартылып, оның iшiнде: 3 автокөлiк (Камаз), 1 автокөлiк ЗИЛ, 1 тиегiш және 2 автогрейдер. Қар шығару жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, Бурабай ауданының елдi мекендерiнiң өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы мәселе қаралды. Бурабай ауданы ТЖ бөлiмiнiң бастығы Нұрлан Құлбаев өз баяндамасында ауданның ТЖБ қызметкерлерiнiң жеке тұрғын үй секторларын аралағаның ақпар еттi.

Өрттiң негiзгi себебi тұрғындардың отпен абайсыз болуы, өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу болып табылады.

Отырыс қорытындысы бойынша аудан басшысы тиiстi қызметтерге көктемгi су тасқынын апатсыз өткiзудi қамтамасыз етудi, сондай-ақ тұрғындар арасында өрт қауiпсiздiгi ережелерi туралы ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргiзудi тапсырды.

04.03.2019
Қараулар: 114