ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДIНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ COVID-19 IНДЕТI КЕЗIНДЕ ЖАНАЗА ЖӘНЕ ҚҰДАЙЫ АС ӨТКIЗУГЕ ҚАТЫСТЫ МӘЛIМДЕМЕСI

Құрметтi отандастар, қадiрлi бауырлар!

Елiмiздi дүрлiктiрген iндеттiң қаупi күннен-күнге өршiп бара жатқаны өздерiңiзге мәлiм. Ауру айтып келмейдi.

«Сақтансаң — сақтаймын» демекшi, төрткүл әлемге қауiп төндiрген дертке немқұрайлық таныту — өзiмiз үшiн ғана емес, жанымыздағы жандардың өмiрiне де әсерiн тигiзерi хақ.

Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы елiмiздiң мұсылман қауымын Жаназа намазы мен Құдайы астарға қатысудың келесiдей ережесiн сақтауға үндейдi:

1. Жаназа намазына қатысты талаптарды орындауға:

– Жаназа намазына бiр ғана дiни қызметкердiң қатысуына;

– Жаназа намазына тек отбасы және жақын тумаларының қатысуына;

– Жа…

2. Құдайы астарға (жетiсi, қырқы, жүзi, жылы және тағы басқа) қатысты талаптарды орындауға:

– Астарды өткiзбеуге немесе отбасы мүшелерi, жақын тумаларымен шектелуге;

– Бiр ғана дiни қызметкердiң қатысуына;

– Санитарлық нормаларды (бетперде тағу, медициналық қолғап кию және арақашықтық) сақтауға.

Құрметтi, отандастар!

Сiзде жөтел пайда болып, бойыңызда дене қызуының жоғарылауы байқалса немесе тыныс алу қиынға соққан жағдайда дер кезiнде дәрiгерге жүгiнуге, сондай-ақ, қоғамдық орындарға, тiптi мешiтке келудi тоқтатып, құлшылықтарыңызды үйлерiңiзде орындауға кеңес беремiз!

16.07.2020Қараулар: 125

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-0-17.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
тамыз, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31      
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

  

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77