Жекеменшік мектептер діни білім бере алмайды

ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгi
Дiн iстерi комитетi төрағасының орынбасары
Мырзаев Балғабек Әбдiқайымұлы

Жекеменшiк мектептер дiни бiлiм бере алмайды

Жақын арада Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрi Н.Б. Ермекбаев журналистерге берген сұқбатында елiмiзде жекеменшiк мектептердiң ашылуына қолданыстағы заңнамалар бойынша қандай ба бiр кедергi жоқ деп санайтынын мәлiмдедi.

Осыдан кейiн кейбiр БАҚ құралдары мен жекелеген азаматтар әлеуметтiк желiлелерде осы ақпаратты дұрыс түсiнбестен, жекеменшiк мектептер дiни негiзде оқыта алады деген пiкiр тарата бастады.

Бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат екенiне назар аударғым келедi.

Бiрiншiден, Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрi Н. Б. Ермекбаев осы сөзi арқылы хиджаб киетiн ата-аналардың мемлекет тарапынан бiлiм алуға қатысты қосымша баламалы нұсқа ұсынуын талап етiп жатқандығын ескере отырып жекеменшiк мектептердi ашудың мүмкiндiктерiн қаруға болатыны туралы пiкiрiн айтты.

Екiншiден, қолданыстағы заңнамаларда жекеменшiк мектептердiң ашылуына кедергi жоқ дегенiмен, ондай мектептерде тек қана дiндар қыздар ғана оқиды деп айтпады. Себебi, заңнамаларға сәйкес кез келген оқушы қыз тұрғылықты жерi бойынша орналасқан бiлiм орындарында оқуға құқылы. Оларды орамал тағатындар және орамал тақпайтындар деп бөлуге болмайды.

Үшiншiден, жекеменшiк мектептерде қыздар орамалмен сабаққа келе алады деген жоқ. Керiсiнше, мұндай мектептерде де «Бiлiм туралы» заңға сәйкес Бiлiм және ғылым министрiнiң 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бекiтiлген бұйрығының талаптары орта және жалпы орта бiлiм беру, мамандандырылған жалпы бiлiм беру және арнайы оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын кез-келген оқу орындарына бiрдей қатысты.

Тағы бiр балама ретiнде қашықтан бiлiм беру тәсiлiн зерттеуге болатынын бiлдiрдi.

Мұқият қараған адам Министрдiң осы екi тәсiлдi тағы да зерттеу керек екендiгiне назар аударғанын, яғни, мiндеттi түрде шешiледi деп айтпағанын аңғарар едi.

Сондықтан, кейбiр дiндар азаматтардың Министр Нұрлан Байұзақұлының осы сөздерiнен кейiн өздерiнiң қойған талаптарын орындатқандай етiп көрсетулерi түсiнiксiздiк тудырады.

Осыған орай, жекеменшiк мектептер ашылған күннiң өзiнде олардың бiлiм беру бағдарламалары Бiлiм және ғылым министрлiгi бекiткен талаптарға сай болуы керек. Сондай ақ, сабақ беретiн ұстаздарға қойылатын талаптар да оқытушылардың бiлiктiлiгiне қарай реттелуi керек. Және де ондай мектептерде де қыз-балалардың сабаққа орамал тағып келуiне жол берiлмейдi.

ешқандай дiни компоненттер оқытылмайды және тек қана дiндарлардан құралмайды. Сондай ақ. Министрлiк жекеменшiк мектептер ашылған жағдайда, сондай бiлiм беру мекемесiнде оқимын деген қыз балаларға шектеу қойылуы мүмкiн деп санайды. Мысалы, тек 9-шы сыныпты бiтiрген соң ғана қабылдануы мүмкiн. Оған дейiн мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнде оқуы тиiс.

Сонымен қатар, жекеменшiк мектептердi салу азаматтардың немесе жекелеген кәсiпкерлердiң өздерiнiң қаржысына алынуы орынды болады.

Осыған қосымша, тағы бiр мәселеге назар аударғым келiп отыр. Егер қыз балалар 1-шi сыныптан бастап бөлек оқитын болса олар қоғамнан оқшауланып, жатырқап қалуы мүмкiн. Нәтижесiнде, келешекте қоғамның толыққанды мүшесi болып қалыптасуына керi әсерi болады. Сонымен қатар, қыз балалар мен ер балалар бөлек оқуы мүмкiн болғанымен, бұл мiндеттi түрде 1-шi сыныптан бастап бөлек оқуға болады дегендi бiлiрмейдi. Мысалы, оларға тек 9-шы сыныптан кейiн ғана бөлек мектепте оқуларына рұқсат берiлуi мүмкiн. Мемлекет ондай талаптарды қоя алады.

Халықаралық тәжiрибелердi алып қарайтын болсақ, көптеген дамыған елдерде жекеменшiк мекептер және қашықтан оқыту тәжiрибесi бар екенiн көруге болады. Европа елдерiнде жекеменшiк мектептер болғанымен ол жерлерде iртүрлi дiн өкiлдерiнiң балалары бiлiм алып жатады.

Жалпы, мектептерде орамал немесе хижаб кию сыртқы көрiнiстер болуымен қатар, дiни талаптарды үстем етуге ұмтылыстың көрiнiсi болып табылады. Ал, Конституцияда бiздiң елiмiз зайырлы мемлекет болып табылатындығы атап көрсетiлген. Зайырлы мемлекетте заң дiни талаптардан жоғары тұрады. Сондықтан, әлеуметтiк қарым-қатынастар, оның iшiнде бiлiм беру, денсаулық сақтау, отбасы және неке институттары дiни нормалармен емес, зайырлы мемлекеттiң заңнамасымен реттеледi.

Ал, орамалын шешпеймiн деген қыз балалар баламалы нұсқа ретiнде медреселерде оқуын жалғастыруларына ешқандай кедергi жоқ. Оның өзiнде, олар 9-шы сыныпты бiтiрген соң ғана болулары керек. Қазақстан Республикасының «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Заңының 3-бабында да дiни бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесi дiн мен дiни бiрлестiктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады деп көрсетiлген.

29.01.2018
Қараулар: 318