«Жасыл экономика»

20 тамызында аудан әкiмi Әсет Мұздыбаевтың төралығымен "Жасыл экономика" бойынша жиналыс өткiздi.

Жиналыс барысында «Бiздiң қала "Жасыл экономиканы" жүзеге асыруға арналған көрме алаңы ретiнде таңдалды.Бұл орынға Қазақстанның 6 қаласы үмiткер болған. Шетелдiк компаниялар өздерiнiң жасыл технологияларын Қазақстанда iске асыруға ниет бiлдiредi және алғашқы жобалар бiздiң қалада iске қосылатын болады» -деп хабарлады аудан басшысы.

Жасыл экономика бойынша жұмыс тобын басқаруды экономика бойынша аудан әкiмiнiң орынбасарына тапсырылды. Оның мiндеттерiне ресурстарды (су, жер, биологиялық және т.б.) пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру және оларды басқару, қолда бар инфрақұрылымды жаңғырту және жаңа инфрақұрылымды салу, қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдi жолдары арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаны қорғау сапасын арттыру қойылған.

Бүгiн Бурабай ауданында Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспары шеңберiнде жалпы құны 26,9 млрд.теңге болатын 16 инфрақұрылымдық жоба iске асырылуда, оның iшiнде сумен жабдықтау және кәрiз нысандарының құрылысы бойынша — 20,7 млрд. теңге сомасында 11 жоба, жолдарды қайта жаңарту бойынша — 6,2 млрд. теңге сомасында 5 жоба.

Бұдан басқа, жалпы сомасы 3,8 млрд. теңгеге 12 бюджеттiк инвестициялық жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзiрлендi (жолдар,бiлiм саласы бойынша). Қазiргi уақытта "Агрофирма Веденовка" ЖШС 1200 гектар алаңда химиялық препараттарды қолданбай ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiруге көштi.

20.08.2019
Қараулар: 192