Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2015 жылғы 17 сәуiрдегi
№ 219 бұйрығына
7-қосымша

"Қайтыс болуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Әдiлет министрiнiң 27.01.2016 № 39 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

1. "Қайтыс болуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрлеген.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — ЖАО) (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру мынадай баламалы негiзде:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:

1) құжаттарды тапсырған кезден бастап:

көрсетiлетiн қызметтi берушiде немесе Мемлекеттiк корпорацияға — 1 (бiр) жұмыс күнi (қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi).

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында белгiленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 (үш) күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал актiлерi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш — 7 (жетi) жұмыс күнi (қабылданған күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны күнтiзбелiк 3 (үш) күн iшiнде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшiн рұқсат берiлетiн ең ұзақ күту уақыты:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге — 20 (жиырма) минут;

Мемлекеттiк корпорацияға — 15 (он бес) минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты:

көрсетiлетiн қызметтi берушiде — 20 (жиырма) минут;

Мемлекеттiк корпорацияға — 15 (он бес) минут.

Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Әдiлет министрiнiң 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесi:

жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткiзгiштегi қайтыс болу туралы куәлiк, енгiзiлген өзгерiстерiмен, толықтыруларымен және түзетулерiмен қоса қайтыс болу туралы қайталама куәлiк не осы мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Әдiлет министрiнiң 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) ақылы/тегiн көрсетiледi.

1) қайтыс болуды мемлекеттiк тiркеу тегiн көрсетiледi.

2) қайтыс болу туралы актiге өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзiлуiне байланысты куәлiктi бергенi үшiн 0,5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде мемлекеттiк баж алынады.

Мемлекеттiк баж сомасы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 537-бабына сәйкес, белгiленген мөлшерде есептеледi және заңдық маңызы бар iс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың құжаттарды берген орны бойынша есепке алынады.

Мемлекеттiк баж мөлшерi мен төленген күнiн растайтын төлем құжатын беретiн банк мекемелерi арқылы төленедi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанға дейiн.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейiн.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетiледi.

2) Мемлекеттiк корпорацияда — Еңбек заңнамасына сәйкес және белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, үзiлiссiз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет "электрондық" кезек тәртiбiмен, ата-анасының бiреуiнiң тұрғылықты жерi бойынша немесе баланың туған жерi бойынша, жеделдетiп қызмет көрсетусiз көрсетiледi, электрондық кезектi портал арқылы брондауға болады.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не оның өкiлi сенiмхат бойынша) көрсетiлетiн қызметтi берушiге не Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде қайтыс болғанын тiркеу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтыс болуды мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшi (бұдан әрi — өтiнiш);

2) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген нысан бойынша (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелдi) медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы белгiленген нысандағы құжат;

3) қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын куәлiгi (бар болған жағдайда, қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын куәлiгi жоқ болса өтiнiште себебi көрсетiлуi қажет);

4) көрсетiлетiн қызметтi алушының өкiлi өтiнiш жасаған жағдайда нотариалды куәландырылған сенiмхат;

5) қайтыс болу туралы акт жазбасының тiркелмегенi туралы қайтыс болған адамның қайтыс болған жерi мен тұрғылықты жерi бойынша тiркеушi органның анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн қайтыс болған адамдарды қоспағанда);

6) сот шешiмi негiзiнде тiркеу жағдайында, қайтыс болу фактiсiн белгiлеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшiне енген шешiмi;

7) қайтыс болған тұлғаның әскери билетi (бар болса);

8) қажет болған жағдайда жақын туыстығын растайтын құжат.

Қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш;

2) қайтыс болғанын тiркеу туралы куәлiк, куәлiктiң түпнұсқасы жоғалып қалған жағдайда — қайтыс болғанын тiркеу туралы анықтама;

3) өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу қажеттiгiн растайтын құжаттар;

4) бюджетке мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжат немесе салық жеңiлдiктерiн беруге негiз болып табылатын құжат;

5) көрсетiлетiн қызметтi алушының өкiлi өтiнiш жасаған кезде нотариатта куәландырылған сенiмхат.

Құжаттарды қабылдау кезiнде Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi немесе Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттардың көшiрмелерiн салыстырады, одан кейiн түпнұсқаларын көрсетiлетiн қызметтi берушiге қайтарады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, көрсетiлетiн қызметтi алушы бюджетке төлеген алымның сомасын растайтын құжат (ЭҮПШ арқылы төленген жағдайда), сондай-ақ егер тiркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген болса, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктер жөнiнде мәлiметтер көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорация қызметкерi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Мемлекеттiк қызмет көрсетiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға жазбаша келiсiм бередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды табыстау кезiнде:

1. Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерiнде қағаз түрiнде құжаттар топтамасының қабылданған күнi мен уақыты көрсетiлген тiркеу туралы белгi өтiнiштiң қабылданғанын растау болып табылады;

2. Мемлекеттiк корпорацияда: сұрау салудың нөмiрi мен қабылданған күнi, сұратылып отырған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрi, қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы, құжаттарды беру күнi (уақыты) және орны, құжаттарды рәсiмдеуге қабылдаған Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), көрсетiлетiн қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) және олардың байланыс телефондары көрсетiлген тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетiлетiн қызметтi алушының (не нотариат куәландырған сенiмхат бойынша өкiлiнiң) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженiң бiр ай бойы сақталуын қамтамасыз етедi, содан соң одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге жолдайды. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткен соң өтiнiш жасаған кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияның сұрау салуы бойынша дайын құжаттарды Мемлекеттiк корпорацияға көрсетiлетiн қызметтi алушыға табыс ету үшiн бiр жұмыс күнi iшiнде жолдайды.

Қайтыс болу туралы мәлiмдеменi қайтыс болған адаммен бiрге тұрған адамдар, ал ондай адамдар болмаған жағдайда көршiлерi, тұрғын-үй пайдалану ұйымдарының қызметкерлерi, жергiлiктi атқарушы органдар, қайтыс болған адамды күтiп-баққан не адам сонда қайтыс болған ұйымның әкiмшiлiгi немесе мәйiттi тапқан iшкi iстер органы бередi.

Қайтыс болу туралы куәлiк қайтыс болған адамның мұрагерлерiне, мұрагерлер аясына кiретiн жақын туыстарына не қайтыс болған адам қамқорлықтарында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мемлекеттiк ұйымдар әкiмшiлiгiнiң өкiлдерiне берiледi.

Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлiк мұрагерлiк iс қарауында жатқан нотариустың хабарламасы бойынша берiледi.

Егер көрсетiлетiн қызметтi алушы туыстығын растайтын құжаттарды, қамқорлығында болғаны немесе нотариустың хабарламасын ұсынбаса, көрсетiлетiн қызметтi берушi қайтыс болудың мемлекеттiк тiркелуiн растайтын анықтама бередi.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Әдiлет министрiнiң 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерiс енгiзiлдi — 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтi көрсетуден:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтау;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, деректердiң және мәлiметтердiң "Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң, "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" және "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының, "Азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi ұйымдастыру, азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер енгiзу, қалпына келтiру, күшiн жою тәртiбi қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10764 болып тiркелдi) талаптарына сәйкес келмеуi;

3) уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi келiсiмi туралы сұрау салуға берiлген терiс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудiң не тексерудiң терiс қорытындысы негiздерi бойынша бас тартады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi берушi немесе Мемлекеттiк корпорация қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады, бұл ретте Мемлекеттiк корпорация қызметкерi осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат бередi.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Әдiлет министрiнiң 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша басшыларының атына берiледi.

Лауазымды тұлғалардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне шағым жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе бағыныштылық тәртiбiмен субъектiге тиiстi субъект немесе лауазымды тұлға жасаған әрекеттерi не қабылдаған шешiмi жеке немесе заңды тұлғаға белгiлi болған мерзiмнен бастап үш айдан кешiктiрiлмей берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектiнiң немесе лауазымды тұлғаның шағымды қараудан бас тартуына негiз болып табылмайды. Мерзiмнiң өтуiнiң себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздiң бiрi болып табыла алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлген қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда ол мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым жасай алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiне алады.

Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, "электронды үкiмет" веб-порталы арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде шағымды қабылдап алған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алудың мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, шағымды тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттiк корпорацияда, Министрлiкке қолма-қол да, пошта арқылы да түскен шағымның қабылданғаны растау оны тiркеу (тiркеу мөртабаны, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi шағымның немесе шағымға iлеспе хатқа екiншi данасына қойылады) болып табылады.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағым жасаудың тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жiберген кезде жүгiну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiшiн өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi, "электронды үкiмет" веб-порталы арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде немесе Мемлекеттiк корпорацияда қолма-қол берiледi.

Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Әдiлет министрiнiң 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерiс енгiзiлдi — 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сотқа жүгiне алады.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету, оның iшiнде электрондық нысанда және Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн қызметтiң ерекшелiктерi ескерiлген өзге де талаптар

13. Тұрмыс-тiршiлiгiн шектейтiн кемiстiгiне байланысты ағза функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған көрсетiлетiн қызметтi алушыларға қажет болған жағдайда Мемлекеттiк корпорация қызметкерi 1414, 8 800 080 7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы жүгiну жолымен мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Әдiлет министрiнiң 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мемлекеттiк қызмет берушiнiң және Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4с.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Әдiлет министрiнiң 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты 1414, 8 800 080 7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетiмдiлiк режимiнде алуға мүмкiндiгi бар.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Әдiлет министрiнiң 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен 

Жүктеу  (DOCX 30 Kb)

Қызмет беруші туралы ақпарат Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу туралы ақпарат Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі Мемлекеттік қызмет нәтижесі Жалпы ақпарат
4 «Бурабай ауданы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі » ММ, көрсетiлетiн қызметтi берушiнің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанға дейiн. 1.«Бурабай ауданы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі » ММ көрсетілмейді қайтыс болуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). 1) мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш; қайтыс болуды тіркеу және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде және қайтыс болғаны туралы куәлікті қағаз жеткізгіште беру; Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414).
Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiн түскi үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейiн. 2.«Азаматтарға арналған үкімет»МК» Қоғамдық коммерциялық емес акционерлік қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініштер «АХАЖ» тіркеу пункті ақпараттық жүйесінде акт жазбаларының электрондық нұсқалары болған кезде күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу мен тексеруді жүргізу қажет болған кезде қарау мерзімі өтініш берушіні бұл туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады 2) қайтыс болу фактісін растайтын құжат; жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде өзгерістер, толықтырулар енгізілген және түзетілген құжатты қағаз жеткізгіште берген көрсетілетін қызметті берушінің қолы қойылған жаңа куәлік беру;
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі қоғамының Ақмола облысы бойынша   3) қайтыс болған адамның куәлігі;  
  филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы»   4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш жасаған жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;  
      5) қажет болған кезде қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болған деп хабарлау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі;  
      Қайтыс болуы туралы акт жазбасына, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:  
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;  
      2) қайтыс болғанын тіркеу туралы куәлік, куәліктің түпнұсқасы жоғалып қалған жағдайда – қайтыс болғанын тіркеу туралы анықтама;  
      3) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар;  
      4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат;  
      5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш жасаған кезде нотариатта куәландырылған сенімхат.  
         
 

Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда көмек көрсетуді мекен жайлары «мемлекеттік қызметтер» бөлігінде  Бурабай ауданының әкімдігі http://burabay.akmo.gov.kz/ интернет ресурсында көрсетілген қызмет берушінің мамандарымен  жүзеге асырылады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414, 8-800-080-7777 (қонырау салу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарда орналастырылған қызмет беруші басшысына немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлігінің әкіміне немесе  egov.kz  порталына беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері және талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шығамды қабылдау растамасы шағым берген қызмет алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Шағымдану туралы қосымша ақпаратты Бурабай ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіні мониторингі және ақпараттық технологиялар  бөлімінде 8 (71636) 79319, 45905 телефондар арқылы немесе Щучинск қаласы, Абылай-хана 32-үй, 16-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.

"Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" ММ, Ақмола облысы, Щучинск қ. Әуезов к. 34

Басшысы: Галина Антоновна Беляшова

Телефоны: 8 (71636) 4-35-25

Сенім телефоны: 8 (71636) 4-35-25

E-mail: burabay.zags@mail.ru

Азаматтарды қабылдау кестесі: с 9.00 до 18.00, с 13.00 до 14.00 үзіліс

Мақалың шыққан күні: 22.07.2015 11:16Жаңартылған күні: 17.02.2020 16:08Қараулар: 1095

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
сәуiр, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930   
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77