Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2015 жылғы 17 сәуiрдегi
№ 219 бұйрығына
3-қосымша

"Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктер немесе анықтамалар беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн 
қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Әдiлет министрiнiң 27.01.2016 № 39 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

1. "Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрлеген.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — ЖАО) (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру мынадай баламалы негiзде:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) "электрондық үкiметтiң" www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Шетелден азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктердi немесе анықтамаларды сұратып алдырған кезде көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiну қажет.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

азаматтық хал актiлерi 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген кезде ("АХАЖ тiркеу пунктi" ақпараттық жүйесi қызмет еткен кезден бастап) анықтамаларды электрондық форматта беру — 1 (бiр) жұмыс күнi;

"АХАТ" тiркеу пунктi ақпараттық жүйесiнде акт жазбаларының электрондық нұсқасы болған кезде және тiркеу органының мұрағатында азаматтық хал актiсi болған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушы осы стандарттың 9-тармағында бекiтiлген қажеттi құжаттарды тапсырған кезден бастап 5 (бес) (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi) жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi, дайын құжаттар 5 (бес) жұмыс күнi берiледi, басқа тiркеу органына сұрау салуды жолдау қажет кезiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 (үш) күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күнге дейiн ұзартылады;

азаматтық хал актiсiн басқа тiркеу органында тiркеген кезде — күнтiзбелiк 30 (отыз) күн (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

2) порталда — өтiнiштi алғандығын растау бөлiгiнде хабарлама алу — 1 (бiр) жұмыс күнi;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарды тапсыруы үшiн рұқсат берiлетiн ең ұзақ күту уақыты — 15 (он бес) минут;

4) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрiнде.

Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Әдiлет министрiнiң 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi:

1) Мемлекеттiк корпорацияда — азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктi немесе анықтаманы не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауапты жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде, осы мемлекеттiк қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайда және де қағаз жеткiзгiште беру;

2) порталда:

қайталама куәлiк алған кезде — электрондық құжат нысанындағы көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық өтiнiштiң қабылданғаны туралы хабарлама не осы мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 10-тармағыда көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелдi жауап;

электрондық құжат нысанындағы көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы анықтамалар алу.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Әдiлет министрiнiң 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет ақылы/тегiн жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) көрсетiледi.

Мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:

1) азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктi бергенi үшiн — 1 айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi — АЕК);

2) Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актiлерi туралы куәлiктi бергенi үшiн — 0,3 АЕК;

3) азаматтық хал актiлерi туралы куәлiктi ТМД елдерiнен сұратып алдырғаны үшiн — 0,5 АЕК;

4) азаматтық хал актiлерi туралы куәлiктi ТМД елдерiн қоспағанда, басқа шет мемлекеттерден сұратып алдырғаны үшiн — 1 АЕК.

Мемлекеттiк баж сомасы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 537-бабына сәйкес белгiленген мөлшерлемелер бойынша есептеледi және заңдық маңызы бар iс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың құжаттарды берген орны бойынша есепке алынады.

Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мыналар:

1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердiң ата-аналарының бiрi, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар — тууы туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берiлгенi үшiн;

2) жеке тұлғалар — азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесiн анықтау, бала асырап алу туралы актiлер жазбалары өзгертiлген, толықтырылған, қалпына келтiрiлген және түзетiлген кезде өздерiне куәлiктер берiлгенi үшiн;

3) жеке тұлғалар — туыстарының қайтыс болуы туралы оларға қайталап немесе бұрын берiлген куәлiктер алмастырылып берiлгенi үшiн;

4) жеке тұлғалар — бала асырап алу және әкесiн анықтауға байланысты туу туралы қайталама куәлiк берiлгенi үшiн растайтын құжаттар ұсынған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

Мемлекеттiк корпорацияда мемлекеттiк баж мөлшерi мен төленген күнiн растайтын төлем құжатын беретiн банк мекемелерi арқылы төленедi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi (бұдан әрi — ЭҮТШ) арқылы жүргiзiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) Мемлекеттiк корпорацияның — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, үзiлiссiз, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн;

Қабылдау көрсетiлетiн қызметтi алушының таңдауы бойынша жеделдетiп қызмет көрсетусiз "электрондық" кезек тәртiбiмен көрсетiледi, электрондық кезектi портал арқылы брондауға болады.

2) порталда — тәулiк бойы жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi өтiнiш бiлдiрген кезде өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы не оның уәкiлеттi өкiлi Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) мемлекеттiк қызметтi алушыға алуға қажеттi құжат түрiне байланысты осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша туу, неке қию, некенi бұзу, әкелiктi анықтау, бала асырап алу, тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту, қайтыс болу туралы қайталама куәлiктi (анықтама) және некеге құқық қабiлеттiлiгi туралы анықтама беру туралы өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн);

3) бюджетке мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжат немесе ЭҮТШ арқылы төлемдi қоспағанда, салық жеңiлдiктерiн беруге негiз болып табылатын құжаттың көшiрмесi;

4) қызметтi алушының өкiлi жүгiнген жағдайда нотариат куәландырған сенiмхат;

Қайтыс болу туралы қайталама куәлiк (анықтама) беру туралы өтiнiш берген кезде қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттар қосымша ұсынылады.

Осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша некеге құқық қабiлеттiлiгi туралы анықтама Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде неке қиюды (ерлi-зайыпты болуды) мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын не бұрын тұрған азаматтарға көрсетiлетiн қызметтi берушiмен берiледi.

Егер адам Қазақстан Республикасынан тыс жерге кеткенге дейiн бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте тұрақты тұрған болса, неке қиюды (ерлi-зайыпты болуды) мемлекеттiк тiркеу туралы акт жазбасының бар екендiгiн тексеру он алты жастан бастап жүргiзiледi, өзге жағдайда анықтама осы аумақта тұрған кезден бастап берiледi.

Егер қызметтi алушы некеде тұрса (ерлi-зайыпты болса), некеге құқық қабiлеттiлiгi туралы анықтама алу үшiн қосымша некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу туралы куәлiгiнiң немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәлiгiнiң көшiрмесi қоса берiледi (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн тiркелген акт жазбалары негiзiнде берiлген куәлiктер ұсынылмайды).

Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың көшiрмесiн тексередi, содан кейiн түпнұсқаларын көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады.

Егер тiркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген болса, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы мәлiметтер, көрсетiлетiн қызметтi алушы бюджетке төлеген алымның сомасын растайтын құжат (ЭҮПШ арқылы төленген жағдайда), сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттар көрсетiлетiн қызметтi берушi немесе Мемлекеттiк корпорация қызметкерi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Қайтыс болу туралы куәлiктерден басқа, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктер өздерiне қатысты тиiстi акт жазбасы жасалған адамдарға, сондай-ақ осы адамның (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан уәкiлеттiк берiлген адамға (сенiм бiлдiрiлген адамға) жазбаша (нотариатта куәландырылған сенiмхат) өкiлеттiк берiлген басқа тұлғаға (сенiм бiлдiрген өкiлге) берiледi.

Қайтыс болу туралы қайталама куәлiктер қайтыс болған адамдардың мұрагерлерiне, туыстарына берiледi.

Шет мемлекеттердiң құзыреттi мекемесi не өзiне арнайы уәкiлеттiк берiлген тұлға өзiнiң құзыретi шегiнде және белгiленген нысан бойынша берген немесе куәландырған, шет мемлекеттiң елтаңбалы мөрiмен бекiтiлген құжаттар тек арнайы куәландырылған рәсiмнен өткеннен кейiн (заңдастырылған не апостильденген) қабылданады.

Порталға жүгiнген кезде:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушылардың ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе порталдың есептiк жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетiлетiн қызметтi алушының абоненттiк нөмiрi қосылған және тiркелген жағдайда, бiр рет қолданылатын парольмен куәландырылған электрондық өтiнiш.

2) егер азаматтық хал актiлерi Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген жағдайлардан басқа, электрондық көшiрме түрiндегi көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттары.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға жазбаша келiсiмiн ұсынады.

Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшiрмелерi түрiнде ұсынылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды беру кезiнде өтiнiштiң қабылданғанын растайтын:

1) портал арқылы — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесi және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн алу тәртiбi көрсетiледi.

2) Мемлекеттiк корпорацияда: сұрау салудың нөмiрi мен қабылданған күнi, сұратылып отырған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрi, қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы, құжаттарды беру күнi, уақыты және орны, құжаттарды ресiмдеуге қабылдаған Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), көрсетiлетiн қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары көрсетiлген тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

Дайын құжаттарды беру көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы арқылы (немесе нотариат куәландырған сенiмхат бойынша өкiлiнiң) қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженiң сақталуын бiр ай iшiнде қамтамасыз етедi, содан кейiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтау үшiн жолдайды. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен соң өтiнiш жасаған кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияның сұрау салуы бойынша бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды Мемлекеттiк корпорацияға көрсетiлетiн қызметтi алушыға табыс ету үшiн жолдайды.

Ескерту. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Әдiлет министрiнiң 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтi көрсетуден мынадай негiздер бойынша бас тартады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiнiң белгiлi болуы;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, деректердiң және мәлiметтердiң Қазақстан Республикасының "Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексiнiң, "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" және "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, "Азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi ұйымдастыру, азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер енгiзу, қалпына келтiру, күшiн жою тәртiбi қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10764 болып тiркелген) талаптарына сәйкес келмеуi;

3) уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн талап етiлетiн қажеттi келiсiмi туралы сұрау салуға берiлген терiс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудiң не тексерудiң терiс қорытындысы.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi берушi немесе Мемлекеттiк корпорация қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады, бұл ретте Мемлекеттiк корпорация қызметкерi осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат бередi.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Әдiлет министрiнiң 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау: шағым мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына берiледi.

Лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне шағым жоғары тұрған лауазымды адамға немесе бағыныстылық тәртiбiмен субъектiге тиiстi субъектiнiң немесе лауазымды адамның әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны жеке немесе заңды тұлғаға белгiлi болған мерзiмнен бастап үш айдан кешiктiрiлмей берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе лауазымды адамның шағымды қараудан бас тартуына негiз болып табылмайды. Мерзiмнiң өтiп кетуi себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздiң бiрi болып табылуы мүмкiн.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлген қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда ол мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым жасай алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгiне алады.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, "электрондық үкiметтiң" веб-порталы арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде шағымды қабылдап алған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алудың мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, шағымды тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттiк корпорацияға, Министрлiкке қолма-қол да, пошта арқылы да түскен шағымның тiркелуi (тiркеу мөртабаны, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi шағымның немесе шағымға iлеспе хатқа екiншi данасына қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағым жасаудың тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жiберген кезде жүгiну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiшiн өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi, "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде не Мемлекеттiк корпорацияда қолма-қол берiледi.

Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Әдiлет министрiнiң 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерiс енгiзiлдi — 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сотқа жүгiне алады.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету, оның iшiнде электрондық нысанда және Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн қызметтiң ерекшелiктерi ескерiлген өзге де талаптар

13. Тыныс — тiршiлiгiн шектейтiн кемiстiктерден организмiнiң функциялары тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетiлетiн қызметтi алушыларға қажет болған жағдайда 1414, 8 800 080 7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы жүгiну жолымен мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Әдiлет министрiнiң 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мемлекеттiк қызмет берушiнiң және Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4с.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Әдiлет министрiнiң 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi ЭЦҚ болған немесе порталдың есептiк жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетiлетiн қызметтi алушының абоненттiк нөмiрi қосылған және тiркелген жағдайда, бiр рет қолданылатын парольды қолданған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алады.

Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Әдiлет министрiнiң 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты 1414, 8 800 080 7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетiмдiлiк режимiнде алады.

Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Әдiлет министрiнiң 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

Жүктеу (DOCX 27 Kb)

Қызмет беруші туралы ақпарат Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу туралы ақпарат Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі Мемлекеттік қызмет нәтижесі Жалпы ақпарат
9 «Бурабай ауданы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі » ММ, көрсетiлетiн қызметтi берушiнің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанға дейiн. 1.«Бурабай ауданы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі » ММ Порталға жүгінген кезде: азаматтық хал актілері 2008 жылдан бері тіркелсе, анықтамаларды электронды түрде беру 1 жұмыс күні ішінде беріледі; 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш; орталықта – жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қайтадан куәлікті қағаз жеткізгіште немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамаларды ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында беру не қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414).
Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiн түскi үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейiн. 2.«Азаматтарға арналған үкімет»МК» Қоғамдық коммерциялық емес акционерлік 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; «АХАЖ» тіркеу пункті ақпараттық жүйесінде акт жазбаларының электронды нұсқасы болған жағдайда көрсетілетін қызмет алушымен осы стандарттың 9-тармағымен бекітілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 3 (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) жұмыс күні ішінде көрсетіледі, дайын құжаттар 3 жұмыс күні беріледі; 2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі қоғамының Ақмола облысы бойынша 2) егер азаматтық хал актілерін тіркеу 2008 жылға дейін жүргізілсе, құжаттарды көрсетілетін қызмет алушы электрондық көшірме түріндегі электрондық сұрау салуға тіркейді. тіркеуші органның мұрағатында азаматтық хал актісі болған жағдайда көрсетілетін қызмет алушымен осы стандарттың 9-тармағымен бекітілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 5 (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) жұмыс күні ішінде көрсетіледі, дайын құжаттар 5 жұмыс күні беріледі; 3) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, салық жеңілдіктерін беруге негіз болатын құжат;
  филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» 3) ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлемі; азаматтық хал актісі басқа аумақтық бірлікте тіркелсе қарау мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді). 4) қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат;
  3. www.e.gov.kz     5) қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттар.
  «Электронды үкімет» веб-порталы      
 

Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда көмек көрсетуді мекен жайлары «мемлекеттік қызметтер» бөлігінде  Бурабай ауданының әкімдігі http://burabay.akmo.gov.kz/ интернет ресурсында көрсетілген қызмет берушінің мамандарымен  жүзеге асырылады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414, 8-800-080-7777 (қонырау салу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарда орналастырылған қызмет беруші басшысына немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлігінің әкіміне немесе  egov.kz  порталына беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері және талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шығамды қабылдау растамасы шағым берген қызмет алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Шағымдану туралы қосымша ақпаратты Бурабай ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіні мониторингі және ақпараттық технологиялар  бөлімінде 8 (71636) 79319, 45905 телефондар арқылы немесе Щучинск қаласы, Абылай-хана 32-үй, 16-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.

"Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" ММ, Ақмола облысы, Щучинск қ. Әуезов к. 34

Басшысы: Галина Антоновна Беляшова

Телефоны: 8 (71636) 4-35-25

Сенім телефоны: 8 (71636) 4-35-25

E-mail: burabay.zags@mail.ru

Азаматтарды қабылдау кестесі: с 9.00 до 18.00, с 13.00 до 14.00 үзіліс

Мақалың шыққан күні: 22.07.2015 11:13Жаңартылған күні: 17.02.2020 16:03Қараулар: 1224

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
сәуiр, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930   
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77