«Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және кейiн үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну» мемлекеттiк қызметтi көрсету қағидалары

 

Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2020 жылғы 24 сәуiрдегi
№ 158 бұйрығына
9-қосымша

«Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және кейiн үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну» мемлекеттiк қызметтi көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы "Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және кейiн үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну" мемлекеттiк қызметтi көрсету қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну тәртiбiн айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтердi, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң желiлерiне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөнiндегi қызметтердi және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметтерiн көрсету, "бiр терезе" қағидаты бойынша мемлекеттiк қызметтердi, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң желiлерiне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөнiндегi қызметтердi, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметтерiн көрсетуге өтiнiштер қабылдау және көрсетiлетiн қызметтi алушыға олардың нәтижелерiн беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттiк қызметтер көрсетудi қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған, орналасқан жерi бойынша жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын заңды тұлға;

2) жеке сәйкестендiру нөмiрi — жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;

3) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты — мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, қызмет көрсету процесiнiң сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ өзге де мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын негiзгi талаптар тiзбесi;

4) "электрондық үкiметтiң" веб-порталы — нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, бүкiл шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтерге, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң желiлерiне қосуға техникалық шарттарды беру жөнiндегi қызметтерге және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметтерiне қол жеткiзудiң бiрыңғай терезесi болатын ақпараттық жүйе (бұдан әрi — портал);

5) электрондық цифрлық қолтаңба — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы (бұдан әрi — ЭЦҚ).

2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

3. "Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және кейiн үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) алу үшiн жеке тұлға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) кент, ауыл, ауылдық округiнiң әкiмдiгiне (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi), Мемлекеттiк корпорацияға немесе портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi.

4. Құжаттарды Мемлекеттiк корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

5. Көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

6. Мемлекеттiк корпорация құжаттар топтамасын көрсетiлетiн қызметтi берушiге курьер арқылы жеткiзудi 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

7. Портал арқылы жүгiнген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiлген хабарлама жiберiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушi құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын растайтын құжаттарының, баланың туу туралы куәлiгiнiң мәлiметтерiн ("АХАЖ тiркеу пунктi" ақпараттық жүйесiнде мәлiметтер болмаған жағдайда) Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi және көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйеден алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiм алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзiмi өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi портал арқылы қабылдаудан бас тартады.

10. Құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 4 — қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну туралы анықтаманы (бұдан әрi-анықтама) немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындайды.

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушi 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде анықтаманы не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты көрсетiлетiн қызметтi алушыға немесе Мемлекеттiк корпорацияға жолдайды.

12. Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлiгiн (не нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация бiр ай iшiнде нәтиженi сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн оны көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтау үшiн тапсырады. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнген жағдайда Мемлекеттiк корпорацияның сұранысы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жiбередi.

13. Құжаттарды қарастырудың жалпы мерзiмi және жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйге тегiн тасымалдауды ұсыну туралы анықтама алу немесе Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту 5 (бес) жұмыс күнiн құрайды.

3-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шешiмiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына, мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiледi.

Мемлекеттiк қызметтi тiкелей көрсеткен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қарастыруға жатады.

15. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

Жүктеу  (DOCX 30 Kb)
 
Мемлекеттік қызметтің атауы Қызмет ақпарат (атауы, жұмыскестесі, мекен-жайы, интернет-ресурс) Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметалу туралы ақпарат Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі Мемлекеттік қызмет нәтижесі Жалпы ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету туралы Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі, телефон анықтамалық-ақпараттық қызметтерді басқа сандар, егер бар болса)
1 2 3 4 5 6 7 8
Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну «Бурабай ауданының білім бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты көрсетеді.
қызмет 
автоматтандырылған
емес
1)құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 5 жұмыс күн; 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2–қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1–қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414) 8 800 080 7777
«Бурабай ауданының білім бөлімі» ММ 2)құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут; 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
3)қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут 3) баланың туу туралы куәлігініңнемесе жеке куәлігінің көшірмесі;
  4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3–қосымшаға сәйкеснысан бойынша оқу орнынан анықтама
 

Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда көмек көрсетуді мекен жайлары «мемлекеттік қызметтер» бөлігінде  Бурабай ауданының әкімдігі http://burabay.akmo.gov.kz/ интернет ресурсында көрсетілген қызмет берушінің мамандарымен  жүзеге асырылады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414, 8-800-080-7777 (қонырау салу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарда орналастырылған қызмет беруші басшысына немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлігінің әкіміне немесе  egov.kz  порталына беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері және талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шығамды қабылдау растамасы шағым берген қызмет алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Шағымдану туралы қосымша ақпаратты Бурабай ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіні мониторингі және ақпараттық технологиялар  бөлімінде 8 (71636) 79319, 45905 телефондар арқылы немесе Щучинск қаласы, Абылай-хана 32-үй, 16-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.

"Бурабай ауданының бiлiм бөлiмi" ММ Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көшесi, 34

Басшы: Төлегенов Жангелдi Мейрамұлы

Телефон: 8 (71636) 2-14-44

Сенiм телефоны: 8 (71636) 2-14-44

E-mail: burabayoo@akmoedu.kz Интернет-ресурс: www.burabay.akmoedu.kz

Азаматтарды қабылдау кестесi: Дүйсенбi 14.00-19.00

Мақалың шыққан күні: 25.02.2015 10:14Жаңартылған күні: 28.05.2020 16:55Қараулар: 1870

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-0-17.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
тамыз, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31      
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

  

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77