Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну

Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2018 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 684 бұйрығына
4-қосымша

Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2015 жылғы 13 cәуiрдегi
№ 198 бұйрығына
5-қосымша

"Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiңжекелеген санаттарына тегiн және жеңiлдетiлген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына тегiн және жеңiлдетiлген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрлеген.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтiнiш берген кезде — 5 (бес) жұмыс күнi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты — 15 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты — 30 минут.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нысаны — электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзiнде.

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi — осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы бiлiм беретiн мектепте тегiн және жеңiлдетiлген тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама не осы мемлекеттiк қызмет стандартының 10-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн ұсыну нысаны — электрондық және (немесе) қағаз.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн қағаз жеткiзгiште алу үшiн өтiнiш берген жағдайда, мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi электрондық форматта ресiмделедi, қағазға басып шығарылады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының қолы және мөрмен расталады.

Порталда мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi — ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жiберiледi және сақталады.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi аралықтағы түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi аралықтағы түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады. Мемлекеттiк қызмет кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүргiзiледi;

2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген жағдайда өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн қажет);

3) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейiн не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (жеке сәйкестендiру үшiн қажет);

4) 2008 жылға дейiн не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәлiктiң көшiрмесi;

5) мәртебесiн дәлелдейтiн құжаттың көшiрмесi:

мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшiн — мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетiлетiн қызметтi алушылар санаты үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының (отбасының) жергiлiктi атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;

жан басына шаққанда орташа табысы күн көрiс деңгейiнен төмен, мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшiн — алған табысы туралы құжаттар (жұмыс iстейтiн ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсiпкерлiктен және басқа да қызмет түрлерлерiнен түсетiн табыстары туралы, балаларға және басқа да асырандыларға төленетiн алимент түрiндегi табыстары туралы анықтама);

отбасында тәрбиеленетiн жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшiн — қамқоршылықты (қорғаншылықты) бекiту туралы уәкiлеттi органның шешiмi, жетiм баланың (балалардың) немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) патронаттық тәрбиеге, қабылдаушы отбасына берiлгенi туралы шарт;

төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететiн отбасылардан шыққан балалар үшiн — төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемнiң қажеттiлiгiн дәлелдейтiн құжат;

бiлiм беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң өзге де санаттарына жататын балалар үшiн — отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешiм қабылдау үшiн басқа да қажеттi құжаттардың негiзiнде бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң өзге де санаттарына тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұсыну туралы бiлiм беру ұйымының алқалық органның шешiмi.

Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.

Құжаттарды қабылдау кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi.

порталда:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ — сымен немесе бiр рет пайдаланатын құпиясөзбен куәландырылған, көрсетiлетiн қызметтi алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттiк номерi порталдың есеп жазбасына тiркелген және қосылған жағдайда, электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

2) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейiн не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлiгiнiң электрондық көшiрмесi;

3) 2008 жылға дейiн не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәлiктiң электрондық көшiрмесi;

4) статусты дәлелдейтiн құжаттың электрондық көшiрмесi:

мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшiн — мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетiлетiн қызметтi алушылар санаты үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының (отбасының) жергiлiктi атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;

жан басына шаққанда орташа табысы күн көрiс деңгейiнен төмен, мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшiн — алған табысы туралы құжаттардың (жұмыс iстейтiн ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсiпкерлiктен және басқа да қызмет түрлерлерiнен түсетiн табыстары туралы, балаларға және басқа да асырандыларға төленетiн алимент түрiндегi табыстары туралы анықтама);

отбасында тәрбиеленетiн жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшiн — қамқоршылықты (қорғаншылықты) бекiту туралы уәкiлеттi органның шешiмi, жетiм баланың (балалардың) немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) патронаттық тәрбиеге берiлгенi туралы шарттың электрондық көшiрмесi;

төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететiн отбасылардан шыққан балалар үшiн — төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемнiң қажеттiлiгiн дәлелдейтiн құжат;

бiлiм беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң өзге де санаттарына жататын балалар үшiн — отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешiм қабылдау үшiн басқа да қажеттi құжаттардың негiзiнде бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң өзге де санаттарына тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұсыну туралы бiлiм беру ұйымының алқалық органның шешiмi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын, баланың туылғанын (бала 2007 жылғы 13 тамызға кейiн туған жағдайда), некеге тұру немесе бұзу (неке 2008 жылдан кейiн жасалған немесе бұзылған жағдайда), жұмыссыз ретiнде тiркелу туралы, көрсетiлетiн қызметтi алушының (отбасының) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алушылар қатарына жататындығы туралы, көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден "электронды үкiмет" шлюзi арқылы алады.

Портал арқылы жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу күнiн және уақытын көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге сұраудың қабылданғаны туралы хабарлама жiберiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға негiздемелер:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтау;

2) "Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне және жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететiн отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысында белгiленген талаптарға көрсетiлетiн қызметтi алушысәйкес келмеуi;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң болуы, оның негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызыбар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтiберушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тиiстi жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрi — әкiмдiк) басшысының атына берiледi.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетiледi.

Шағымды қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты берiлген шағымға жауап алу мерзiмi және орны көрсетiлiп, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесiнде (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен күнi) тiркелуi шағымның қабылдануын растау болып табылады.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алады.

Шағымды портал арқылы "жеке кабинетiнен" жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шағымды өндеуi барысында жаңартылып тұратын ақпарат қолжетiмдi болады (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалуы, қарастырылғаны немесе қарастырудан бас тартқандығы туралы белгi).

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, әкiмдiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарастыруға жатады. Шағымды қарастыру нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, әкiмдiктiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарастыруға жатады.

Сондай-ақ, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң ерекшелiктерi ескерiлген өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;

2) www.egov.kz порталында орналасқан.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде, порталдағы "жеке кабинетi", сондай-ақ, Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алады.

15. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.edu.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

Жүктеу (DOCX 32 Kb)

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ А-7/298 қаулысымен
бекiтiлдi

"Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына тегiн және жеңiлдетiлген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына тегiн және жеңiлдетiлген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының бiлiм бөлiмдерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi, "электронды үкiмет" www.egov.kz (бұдан әрi — портал) веб-порталы арқылы көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

3. Жалпы бiлiм беретiн мектепте тегiн және жеңiлдетiлген тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi болып табылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) әрекет ету тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 13 сәуiрдегi № 198 бұйрығымен бекiтiлген "Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына тегiн және жеңiлдетiлген тамақтандыруды ұсыну" (бұдан әрi — Стандарт) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмдеудiң (әрекеттiң) мазмұны, оны орындаудың ұзақтылығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады — 20 минут. Нәтижесi — көрсетiлетiн қызметтi алушыға қолхат беру, құжаттарды басшылыққа жолдау;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшылығы құжаттармен танысады — 1 жұмыс күнi. Нәтижесi — орындау үшiн жауапты орындаушыны белгiлеу;

3) жауапты орындаушы анықтама жобасын дайындайды — 2 жұмыс күнi. Нәтижесi — анықтама жобасын басшылыққа жолдау;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшылығы анықтама жобасымен танысады — 1 жұмыс күнi. Нәтижесi — анықтамаға қол қою;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi көрсетiлетiн қызметтi алушыға анықтаманы бередi — 20 минут. Нәтижесi — жалпы бiлiм беретiн мектепте тегiн және жеңiлдетiлген тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) өзара әрекет ету тәртiбiн сипаттау

6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшылығы;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы.

7. Әрбiр рәсiмнiң (әрекеттiң) ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметшiлер) арасында рәсiмдердiң (әрекеттiң) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады — 20 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшылығы құжаттармен танысады — 1 жұмыс күнi;

3) жауапты орындаушы анықтама жобасын дайындайды — 2 жұмыс күнi;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшылығы анықтама жобасымен танысады — 1 жұмыс күнi;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi көрсетiлетiн қызметтi алушыға анықтаманы бередi — 20 минут.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде өзара әрекет етудiң тәртiбiн, сондай-ақ ақпараттық жүйенi пайдалану тәртiбiн сипаттау

8. Портал арқылы көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және көрсетiлетiн қызметтi алушының қадамдық әрекет етулерi және шешiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы Порталда жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес-сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ құпия сөзiнiң (Порталда тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады) көмегiмен тiркейдi;

2) 1-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы қызметтi алу үшiн Порталда ЖСН/БСН мен пароль енгiзу процесi (авторизациялау процесi);

3) 1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушының тiркелгенi туралы ЖСН/БСН мен пароль арқылы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;

4) 2-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны Порталмен қалыптастыру;

5) 3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы осы Регламентте көрсетiлген көрсетiлетiн қызметтi таңдауы, көрсетiлетiн қызметтi алушының нысанын оның құрылымы мен форматты ескере отырып толтыру және қызметтi көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетiлетiн қызметтi алушы деректерiн енгiзуi, Стандарттың 9-тармағында көзделген электронды түрде қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi алушымен сұрау салудың куәлiгi (қол қою) үшiн электронды-цифрлық қолтаңбаның (одан әрi — ЭЦҚ) тiркеу куәлiгiн таңдауы;

6) 2-шарт — тiркеу куәлiгiнiң қолданыс мерзiмiн және қайтарып алынған (жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде жоқ екендiгiн, сондай-ақ сәйкестендiру деректерiнiң сұрау салуда көрсетiлген БСН мен ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген БСН арасындағы сәйкестiктi тексеру (сұрау салуда көрсетiлген ЖСН/БСН арасында, және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН);

7) 4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ түпнұсқалығын растамауға байланысты сұралған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 5-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң сұрауын өңдеу үшiн "электронды үкiмет" өңiрлiк шлюзiнiң автоматтандырылған жұмыс орнына "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi (бұдан әрi — ЭҮТШ АЖО) арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ (қолы қойылған) куәландырған (қызмет алушының сұрауын) электронды құжатты жолдау;

9) 3-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушының Стандартта көзделген және қызметтердi көрсету үшiн негiзделiп қоса берiлген құжаттарын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң тексеруi;

10) 6-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарында бұзушылықтардың орын алуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

11) 7-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы Порталмен қалыптастырылған (электронды құжат түрiнде хабарлама) қызметтiң нәтижесiн алуы.

Электронды құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптасады.

Портал арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекет етуiнiң диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) рәсiмдерiнiң (әрекеттерiнiң) кезеңдiлiгiн, сондай-ақ өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара әрекет етуiнiң тәртiбiн және мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн нақтылы сипаттау осы Регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлдi.

Жүктеу (DOC 203 Kb)

Мемлекеттік қызметтің атауы Қызмет ақпарат (атауы, жұмыскестесі, мекен-жайы, интернет-ресурс) Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметалу туралы ақпарат Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі Мемлекеттік қызмет нәтижесі Жалпы ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету туралы Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі, телефон анықтамалық-ақпараттық қызметтерді басқа сандар, егер бар болса)
1 2 3 4 5 6 7 8
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну «Бурабай ауданының білім бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. «Бурабай ауданының білім бөлімі» ММ

Көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуына мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», қызмет көрсетушінің ақпараттық қызметі арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – бес жұмыс күні; 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы білім беретін мектепте тегін және жеңілдетілгентамақтандыруды ұсыну туралы анықтама. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414) 8 800 080 7777
2) көрсетілетін қызметтіберушіге құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут; 2) ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке сәйкестендіру үшін қажет);
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут. 3) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тысжерде туылған жағдайдабаланың туу туралы куәлігініңкөшірмесі(жеке сәйкестендіру үшін қажет);
4) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тысжерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайданекеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;
5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
6) алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар үшін балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
7) отбасында тәрбиеленетін жетім балаларға немесеата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршылық (қорғаншылық)бекіту туралыуәкілетті органның шешімі;
8) отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымдарының алқалық орган шешімінің, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың көшірмесі;
 

Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда көмек көрсетуді мекен жайлары «мемлекеттік қызметтер» бөлігінде  Бурабай ауданының әкімдігі http://burabay.akmo.gov.kz/ интернет ресурсында көрсетілген қызмет берушінің мамандарымен  жүзеге асырылады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414, 8-800-080-7777 (қонырау салу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарда орналастырылған қызмет беруші басшысына немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлігінің әкіміне немесе  egov.kz  порталына беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері және талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шығамды қабылдау растамасы шағым берген қызмет алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Шағымдану туралы қосымша ақпаратты Бурабай ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіні мониторингі және ақпараттық технологиялар  бөлімінде 8 (71636) 79319, 45905 телефондар арқылы немесе Щучинск қаласы, Абылай-хана 32-үй, 16-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.

"Бурабай ауданының бiлiм бөлiмi" ММ Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көшесi, 34

Басшы: Төлегенов Жангелдi Мейрамұлы

Телефон: 8 (71636) 2-14-44

Сенiм телефоны: 8 (71636) 2-14-44

E-mail: burabayoo@akmoedu.kz Интернет-ресурс: www.burabay.akmoedu.kz

Азаматтарды қабылдау кестесi: Дүйсенбi 14.00-19.00

Мақалың шыққан күні: 25.02.2015 10:13
Жаңартылған күні: 22.01.2019 10:41
Қараулар: 1160